Тәрбиешілердің айлық жалақысы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтарал ауданының №3 аудандық сотымен талапкер Ж.Артыкбаева, Н.Акрамова, А.Туребекова, Ш.Тургунбаева, С.Сулееваның жауапкер «Базаркүл апа» бөбекжай балабақшасы ЖШС-не айлық жалақысын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. 

Іс материалдары бойынша анықталғаны: «Базаркул апа» бөбекжай балабақша ЖШС-і 14.01.2013 жылы жұмысқа ауызша келісім шарт бойынша қабылданған тәрбиешілер А.Турбекова, Ж.Артықбаева, Б.Арыстанова, тәрбиешінің көмекшілері Н.Акрамова, Ш.Тургынбаева және медбике С.Сулееваларға тиесілі айлық жалақыларын төлемеген. Мұндай заң бұзушылықтарға қарсы тәрбиешілер прокуратураға және ОҚО Еңбек инспекциясына шағымданған. Содан ОҚО мемлекеттік инспекторы К.Джаникулов, «Базаркүл апа» ЖШС-не аталған заң бұзушылықтарды жою жайлы нұсқама шығарып, нұсқамада көрсетілген талаптарды орындау үшін жолдаған.

Алайда «Базаркүл апа» ЖШС-і мемлекеттік инспектордың нұсқамасын орындамай, балабақша тәрбиешілерінің айлық жалақысын 6 ай бойы төлемей келген. Айлық жалақысы төленбеген тәрбиешілер жұмыстан босатылуға мәжбүр болып, еңбеқ ақысын өндіру үшін сотқа талап арыз берген.     

Мақтарал ауданының №3 аудандық соты жоғарыдағы талапкерлердің жауапкер «Базаркүл апа» бөбекжай балабақшасы ЖШС-нен айлық жалақысын өндіру туралы талап арызын толық қанағаттандыру жайлы шешім шығарды.

 

 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі