Тұрғын үйге кіріп, бөтен мүлікті ұрлаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 13.11.2014 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175-бабының 2 бөлігінің «в» тармағымен айыпталған К.Тугаев қылмыстық ісі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Жәбірленушімен татуласып, қылмыспен келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 67 бабының 1 бөлігінің негізінде қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.

   Сотталушы К.Тугаев 21.06.2014 жылы сағат 05:00 шамасында Шымкент қаласы Қошқар ата көшесіндегі үйге балалар бөлмесінің терезесінің әйнегін сындыру арқылы заңсыз кіріп, жатын бөлмеден бағасы 25 000 теңгелік қара түсті куртканы, бағасы 50 000 теңгелік 9 дана джинси шалбарларын, бағасы 18 000 теңгелік спорттық аяқ киімін, бағасы 8 000 теңгелік қара түсті туфлиді, бағасы 1 500 теңгелік белбеуді жасырын ұрлап оқиға болған жерден бой тасалап, жәбірленуші А.Ерменбаеваға жалпы 107 500 тенгеге мүліктік залал келтірген.

Қаулы заңды күшіне енген.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі