Түркістан қалалық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық соты, азамат Ж.К.-ға қатысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қарады.

Қылмыстық істің мәні бойынша Ж.К. бөтеннің мүлкін яғни, жасырын жымқыру мақсатында, 2017 жылдың 7 ақпанында жәбірленуші С.А.-ның үйінің ішіне заңсыз кіріп, бөлмеде тұрған 20 000 теңге ақшасын ұрлап, материалдық шығын келтірген.

Сот отырысында сотталушы Ж.К.-ның қорғаушы - адвокаты, оның қорғауындағы Ж.К. және жәбірленуші С.А. арасындағы медиациялық келісім шартқа сәйкес қылмыстық істі өндірістен қысқарту туралы  өтініш келтірді. Аталған келісімде сотталушы жәбірленушіге материалдық шығынды толығымен өтеген.

Сот актілерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының  1-бөлігіне сәйкес тараптар медиация тәртібімен татуласуына және келтірілген залалдың орнын толтыруына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі