Түркістан қалалық сотында мұрагерлік қатынастардан туындайтын сұрақтар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түркістан қалалық сотында «Мұрагерлік құқықтан туындайтын дауларды шешу кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиын жұмысына Түркістан қалалық сотының судьялары, Түркістан қалалық Заң кеңесінің адвокаттары, Түркістан қаласының нотариустары, Түркістан қаласындағы жеке меншік заңгерлер, жергілікті газет және телеарна тілшілері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының мұрагерлік нормативтік-құқықтық қатынастарды реттеу, мұрагерлік құқықтан туындайтын дауларды шешу мәселелері талқыға салынды.

Іс-шара соңында қатысушылар дөңгелек үстел жұмысының қорытындысын шығарып, мұраны қабылдау мерзімін ұзарту туралы талап қою арыздары бойынша азаматтық істерді қарау ұсынымдарын келтірді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі