Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш аудандық соты 34-жасар С.-қа қатысты оның бұрынғы әйелі М.-ның берген жекеше айыптау шағымы бойынша қылмыстық іс қарады.

Жәбірленуші М. өзін 2017 жылы 7 мамыр күні өз үйінің ішінде кезекті жанжалдың барысында қолдарымен басына, бетіне ұрып-соққаны үшін С.-ты айыптаған. Ұрып-соғу нәтижесінде М.-ға жабық бас ми жарақаты, бас миының шайқалуы, бастың және бетінің кейбір жерлерінің соғылуы түріндегі жарақаттары келтірілген.

Сотталушы кінәсін мойындамады, өкінбеді және жәбірленушімен татуласуға әрекеттер жасамады. Тараптар медиация тәртібімен де татуласа алмады.

Соттың үкімімен С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына моральдық залалдың сомасы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі