Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар үшін бейнеконференция байланысы арқылы Рақымшылық жасау туралы Заң түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қалаcының Абай аудандық сотында Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратура және Облыстық адвокаттар алқасының өкілдерінің қатысуымен,  бейнеконференция байланысы арқылы ОҚО бойынша ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің ИЧ-167/3 Республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдерімен 13 желтоқсан 2016 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы»  тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Осы тақырыпты талқылау барысында тергеу судьясы С.Айнабеков рақымшылық жасау туралы Заңда қолданылған ұғымдары мен Заңға сәйкес жазадан босатылатын сотталғандар, сотпен тағайындалған жаза мерзімінің қысқартылу мүмкіндігі, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру жөнінде айтып өтті.

Тақырыпты жалғастыра отырып, Рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар, қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы айтылды.

Семинар-кеңес аяқталу кезінде ИЧ-167/3 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар бейнеконференция байланысы арқылы қойған сұрақтарына қажетті жауаптар алды. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі