Уақытша тұрғындар басқа тұрғын үй-жай берiлмей тұрғын үйден шығарылып, оған үй иесiнің билiк ету құқығы қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер С.-ның жауапкер Ш.-ға тұрғын үйден шығару туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, талапкер С. Шымкент қаласы, Самал-3 мөлтек ауданы №4001 «В» тұрғын үйдің меншік иесі болып табылады. Бұл іс құжаттарға тіркелген 30.07.2010 жылғы реестр №4853 сатып алу-сату шартымен, Әділет департаментінің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметтерімен қуатталады. Демек тұрғын үйдің меншік иесі ретінде талапкер оны өз қалауынша иеленуге, пайдалануға және билік етуге, сонымен қатар, уақытша тұрғындардың пәтерден шығуын талап етуге құқылы. Алайда қазіргі таңда талапкер С. меншік иесі ретінде, заңда көрсетілген құқықтарын пайдалана алмай отыр, себебі тұрғын үйді жауапкер Ш. пайдаланып, өз еркімен босатудан бас тартуда.

Соттың шешімімен жауапкер Ш. аталған үйден басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылып, талапкер С.-ның үйге билiк ету құқығы қалпына келтірілді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі