Үкім көшпелі сот отырысында жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының судьясы М.Әмірбековтің төрағалық етуімен Шымкент қаласы, Қайтпас шағын ауданында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен айыпталып, сотқа берілген сотталушы Е.К.-ға қатысты қылмыстық іс көшпелі сот отырысында аяқталды.

Көшпелі сот отырысында прокурордың, сотталушының,  жәбірленушінің сенімді өкілінің, қорғаушының және Қайтпас шағын ауданының тұрғындарының қатысуында сот үкімі жарияланды.

Сот үкімімен сотталушы Е.К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу айырыла отырып, 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сот отырысы аяқталған соң, Қаратау аудандық сотының судьясы М.Әмірбеков қатысушыларымен сұхбат өткізіп, оларға қабылданған үкімі мен қылмыстық  құқық бұзушылықтың орын алған себептерін түсіндіріп өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі