Ұрлық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 2,3-тармақтарымен жеңіл жолмен пайда табу мақсатында бөтенің мүлкін жымқырған А.Л.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А.Л. спирттік ішімдік ішкен мас күйде көрші үйдің тұрмысқа қажетті мүліктерін ұрлап, жәбірленуші П.С.-ға 490 000 теңге мөлшеріндегі шығын келтірген.

Сонымен қатар, А.Л. өз үйінен анасы Л.Г.-ға тиесілі тұрмысқа қолданылып жүрген 48 000 теңгенің заттарын ұрлап, оларды сатып, ақшасын қажетіне жаратқан.

Ол бұл әрекін тоқтатпастан, жәбірленуші Б.Н.-ның үйінен 150 000 теңгенің заттарын ұрлаған.

Сотталушы А.Л. кінәсін толықтай мойындаған.

Сот, сотталушы А.Л.-ны жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танып, талапкерлер П.С.-ның, Л.Г.-ның Б.Н.-ның талаптарын қанағаттандырып, келтірілген шығынды өндіру, жеке мүлкін тәркілеумен 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі