Заңсыз айналымға салған дәрілік заттар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  25.11. 2016 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Н.Д.-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 424 200 тенге айыппұл салып,  жеке кәсіпкердің фармацевтикалық кәсібіне тыйым салынды.

 Сот мәжілісінде жауапкер Н.Д. 17.11.2016 жылы жеке кәсіпкер бола тұра, Қазақстан Республикасында тіркелмеген «Церебролизин» дәрілік затын айналымға салғаны анықталды.

Сотта құқықбұзушы Н.Д. өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі