Заңсыз қару алып жүрген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Қазығұрт аудандық сотында осы ауданның Тұрбат елді мекенінің тұрғыны, құқық бұзушы Д.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Аталған азаматтың сот алдында жауап беруіне азаматтық қаруларды алып жүру тәртібін өрескел бұзғандығы себеп болды.

    Іс бойынша, құқық бұзушы 13.02.2014 жылы сағат 15:30 шамасында үйінің алдында құтырғанға ұқсас итті атпақ болып, байқаусызда есік алдында тұрған автокөлікті атып жіберген.

    Оның әрекетінде азаматтық қаруларды алып жүру тәртібін өрескел бұзғандығына байланысты құқықбұзушылық орын алғаны үшін, 21.02.2014 жылы Қазығұрт АІІБ-нің тарапынан Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 368-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзіліп, іс құжаттары сотқа жолданған.         

    Сотта сұралған құқық бұзушы өз үйінің алдында құтырғанға ұқсас итті атамын деп есік алдында тұрған автокөлікті байқаусызда атып жібергенін, аталған мылтық өзінің туған атасынан қалған, зауыттық тәсілмен жасалған калибрі 16 мм. № Н 61462 санды, «ИЖ» модельді тегіс ұңғылы атыс мылтығы екендігін айтты. Еш жерде есепте болмаған аталған қаруды уақытылы тиісті органға тапсырмау - өз тарапынан орын алған қателік екенін түсінетіндігін, қазіргі таңда өзінің істеген әрекетіне өкініп отырғанын айта келе, өзіне жеңіл жаза беруді сұрады.

     Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 368-бабы 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, қаруы тәркіленіп, 1 АЕК мөлшерінде, яғни 1852 айыппұл салынды.  

    Айғақты зат болып табылған мылтық қаулы заңды күшіне енісімен, жойылды.    

    Қаулы заңды күшіне енді.

 

Қазығұрт аудандық сотының баспасөз қызметі