Заңсыз ойын бизнесі әшкереленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматша Усентаева А. ҚР «Ойын бизнесі» және «Лицензиялау туралы» Заңдарының талаптарын өрескел бұзып, Шардара қаласы Төле би көшесі нөмірсіз ғимаратта ойын бизнесін заңсыз  жүргізген.

03.07.2014 жылы қаржы полициясы қызметкерлерімен азаматша А.Усентаеваның қылмыстық әрекеттері әшкереленген, сөйтіп ол сотта өзіне тағылған айыбын толық мойындаған.

Шардара аудандық сотының 22.08.2014 жылғы үкімімен азаматша А.Усентаева Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, 180 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі