Заңсыз ойын бизнесін ашқаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

31.03.2014 жылы Қазығұрт аудандық сотында сотталушы Т.Г.-ның қылмыстық ісі қаралды. Ол 2014 жылғы ақпан айының 15-нен бастап салық басқармаларында жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеуден өтпестен, Қазақстан Республикасы «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабының 1- тармағын және  Қазақстан Республикасы «Лицензиялау туралы» Заңының 28-бабын өрескел бұзып, заңсыз ойын бизнесін ашу мақсатында, куә Ш.Т.-ға тиесілі Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауылының Тоғаев көшесіндегі нөмірсіз үйде орналасқан ғимаратты ауызша келісім шарт негізінде «халыққа тұтыну тауарларын сататын дүкен ашамын»-деп жалға алып, ойын залын заңда рұқсат етілмеген жерде табыс табуды көздеп ашқан.

Аталған дүкен ғимаратының залына ойын автоматтарын орналастырып, заңсыз ойын бизнесін ашумен және оны жүргізумен айналысқаны үшін сотталушы Т.Г. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 269-1 бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, 180 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Айғақ заты - 7 дана ойын автоматтары және 17000 теңге мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қазығұрт аудандық сотының баспасөз қызметі