Заңсыз тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзылатын болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқық бұзушы Г.А. тұрғын үй құрылысын тиісті құқықсыз заңсыз салып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Аталған факті бойынша Г.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 319-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сайрам аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Г.А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 319-бабымен кінәлі деп танылып, заңсыз тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, яғни  34 035 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі