Жауапкер өз еркімен талапкерге қарызын қайтаруға міндеттенді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер А.-ның жауапкер П.-дан 500 000 теңге қарыз ақшаны және баж салығы 5000 теңгені өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралған.

Сот отырысында тараптар өз еріктерімен сот медиациясы тәртібімен бітімгершілік келісімге келді. Келісім бойынша талапкер өз талап арызынан бас тартқан, ал жауапкер қарызын 2016 жылғы 17 қараша мен 2017 жылғы 17 қарашаға дейінгі аралықта ай сайынғы жалақысынан 22 800 теңге төлеп отыруды өз міндетіне алды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі