Жауапкерден қоршаған ортаға келтірілген залал өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қоршаған ортаға келтірген залалдың сомасын өндіру туралы іс қаралды.

 «Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау Министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша экология Департаменті» мемлекеттік мекемесі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «Төле би аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан қоршаған ортаға келтірген 1 003 386 теңге шығынды мемлекет пайдасына өндіруді сұраған.

Іс материалдарынан белгілі болғаны, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу бақылау комитетінің «ОҚО бойынша экология департаменті» ММ-нің мемлекеттік экологиялық инспекторы тарапынан «Төлеби аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында ҚР экологиялық заңнама талаптарының орындалуына қатысты тексеру жүргізілген.

Тексеру барасында жауапкер «Төлеби аудандық емханасы» МКҚК-ның ҚР Экологиялық Кодексінің 68, 69 баптарының талаптарын бұзып, қоршаған ортаны ластағыш заттардың шығындыларымен ластап, атмосфералық ауаға залал келтіргені анықталған. Осының салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалдың сомасы 1 003 386 теңгені құраған.

Сот талапкер өкілінің уәждерін, тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, талапкердің талабын қанағаттандыруға жатады  деп тауып, жауапкер «Төлеби аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан мемлекет пайдасына  1 003 386 теңге қоршаған ортаға келтірген залал және мемлекеттік баж 30 101 тенге өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Шымкент  қаласының  мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі