Жазаны толық өтегенге дейін жаңадан басқа қылмыс жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарымен айыпталған Д.Ж.-қа қатысты қылмыстық  іс  қаралды.

Сот талқылауында анықталғандай, сотталушы Д.Ж. алдын шартты түрде сотты бола тура, бірнеше рет қоймаға заңсыз кіру арқылы, жәбірленуші Д.Р.-ның жалпы 62.000 теңгесін, жәбірленуші К.Н.-ның жалпы 121.000 болатын мүлкін, жәбірленуші Д.Б.-ның жалпы 210.000 теңге болатын мүлкін жасырын жымқып, жәбірленушілерге материалдық зиян келтірген.

Сот үкімімен сотталушы Д.Ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарындағы көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Еңбекші аудандық сотының 20.11.2014 жылғы үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінің 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасын ҚК-тің 61-бабының 1-бөлігінің 2-тармағының талабына сай ішінара қосып, ҚК-нің 60-бабының 1,4-бөліктерін қолданып, түпкілікті қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі