Жеңгетайлық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 21.02.2014 жылғы қаулысы негізінде Шымкент қаласының тұрғыны С.С. деген азамат 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болды.

10.01.2014 жылы сағат 21:00 шамасында Шымкент қаласы Байтұрсынов көшесінде орналасқан сауналардың бірінде әкімші болып жұмыс істеп жүрген С.С-ның сауна бөлмелерін жезөкшелікпен айналысуға берген. Анықталған факт бойынша ісі сотқа жолданған С.С. сот отырысында  кінәсын толық мойындап, өз ісіне өкініш білдірген. Келешекте мұндай құқық бұзушылыққа жол бермейтінін көрсеткен  құқық бұзушы өзін қатаң жазаламауды сұраған.

Сот құқық бұзушы С.С.-ның өз іс-әрекетіне өкініш білдіріп, кінәсін  толық мойындауы – жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларға жататындығын, іс бойынша жауаптылығын ауырлататын мән-жайлардың болмауын, құқық бұзушылықтың сипаты мен оның жасалу мән-жайларын ескеріп, прокурор көмекшісінің қорытынды сөзін тыңдап, құқық бұзушы С.С.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 341-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Шымкент  қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі