Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.Смолин Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен жалпы отырыс жұмысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кеше Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен жалпы отырыс жұмысына қатысты. Оның барысында қатысушылар жергілікті соттардың төрағалары мен судьяларының бос лауазымдары конкурсына қатысуға жіберідген үміткерлерді талқылады.

Отырысты ашқан, облыстық соттың төрағасы Талғат Баратбеков судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылатын жоғары талаптар шеңберінде білімнің жоғары деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттер және мінсіз бедел бос судья лауазымдарына үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері екенін атап өтті.

А.Смолин Жоғары Сот Кеңесі сот жүйесін кадрлық қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Белсенді және тұрақты түрде жұмыс жүргізілетін маңызды міндеттердің бірі судья кадрларын іріктеу және дайындау жүйесін жетілдіру, ел судьяларының кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады.

Жалпы отырыстың алдында құрамына жергілікті қоғамның беделді өкілдері кіретін Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Сонымен қатар, қоғамдағы пікірді білу мақсатында үміткерлердің тізімі облыстық соттың ресми сайтында жарияланған болатын.

Жалпы отырыстың қатысушылары конкурсқа қатысып отырған үміткерлермен әңгімелесу барысында, олардың моральдық-адамгершілік қасиеттеріне және іскерлік бейнесіне ерекше назар аударды. Талқылау нәтижесі бойынша 24 үміткердің 19-ы оң қорытынды алды. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі