Жол ережелерін бұзғаны үшін көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылып, айыппұл салынды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқық бұзушы У.А., Жетісай - Қызылқұм тас жолының бойымен өзінің «Ауди-100» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатып,  Мақтарал ауданына қарасты Түркебай ауылының тұсында Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінің 10.1 тармағының талабын бұзып, яғни автокөлікті белгіленген шектеуден асатын жылдамдықпен жүргізіп, қарсы бағытта келе жатқан жәбірленуші С.К.-нің басқаруындағы «Ваз-21013» маркалы автокөлігінің алдына шығып кетіп, оған соқтығысқан. Орын алған жол көлік оқиғасы нәтижесінде С.К.-нің денсаулығының қысқа мерзімді бұзылуына әкеп соққан жеңіл зиян келген.

Сотта құқық бұзушы У.А. кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге  келтірілген материалдық залалды өз еркімен өтегендігін айтып, кешірім жасауды сұранды.                                                

Құқық бұзушы У.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 468-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптың, осы бөлігімен 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынып, бір жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген.          

 

Мақтарал ауданының №3 аудандық сотының баспасөз қызметі