Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен, 611-бабының 2-бөлігімен құқық бұзушы Л.Қ.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Л.Қ. өзінің басқаруындағы «Nexia Sohc 150 GL»  автокөлігімен Арыс қаласының Айтеке би көшесінде Жол жүру ережесін бұзып, жол-көлік оқиғасын жасауының нәтижесінде автокөліктегі жолаушыға жеңіл дәрежедегі дене жарақатын келтірген.

Сондай-ақ, құқық бұзушы Л.Қ. жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Л.Қ. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен және 611-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салына отырып, 2 жылға көлік басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі