Жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында Жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан жол көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде жәбірленуші Е.К.-нің денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтірген сотталушы Н.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында, сотталушы Н.А. өзінің басқаруындағы автокөлігімен Шымкент қаласының Жібек жолы көшесінің бойында келе жатып, Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі қағидаларының» 9-бөлімінің 2-тармағында және 10-бөлімінің 1-тармағында көрсетілген талаптарды өрескел бұзып, яғни жолдың қарсы бағытта жүруге арналған бөлігіне шығып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасағаны анықталды.

Cот қаулысымен аталған қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндірістен қысқартылып, сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі