Жұбайлар медиация тәртібімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында отбасында жанжал шығарған азамат Б.К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы өз үйінде айқай-шу шығарып, өзінің жұбайын балағаттаған.

Жұбайының арызы негізінде Сарыағаш аудандық ІІБ-ның учаскелік полиция инспекторы  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-ң 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

Сот, тараптардың сот мәжілісінде медиация тәртібімен татуласып, келісімге келуіне байланысты әкімшілік істі қысқартты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар