Жұбайынан кешірім сұрап, татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

02.04.2014 жылы Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 79-5-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты қасақана жасаған Шымкент қаласының тұрғыны  Ж.Е.-нің ісі қаралды.

31.03.2014 жылы сағат 23.00 шамасында Ж.Е. Шымкент қаласы Ақсамал көшесінде орналасқан өз үйіне екі бокал сыра ішіп келген. Мас болып келгеніне наразылық білдірген жұбайы Қ.Г.-мен араларында болған ұрыс-жанжал барысында Ж.Е. жұбайына былапыт сөздер айтып, оның ар-намысына тиіп, оған сыйламаушылық білдіргені  анықталған.

Сотта құқық бұзушы Ж.Е. кінәсін толық мойындап, енді мұндай жағдай қайталамауға сөз беріп, жұбайынан кешірім сұрады.

Сотта жәбірленуші Қ.Г. жұбайын кешіретінін, сол себепті істі істі қысқартуды сұрады.

Сот, тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты іс қысқартылуға жатады деген прокурордың қорытындысын және тараптардың түсініктерін тыңдап, Ж.Е.-ны әкімшілік жауапкершіліктен босатып, істі өндірістен қысқарту жайлы қаулы қабылдады.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Шымкент  қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының  баспасөз қызметі