Жүріп-тұру еркіндігі шектелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтарал АІІБ-ның І-ПБ-нің қызметкерлері шұғыл іс шара жүргізу барысында, Мақтарал ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі, Үтір төбе елді мекенінде тұрғылықты орны мен жеке басын куәландыратын құжаттарсыз жүрген азаматты ұстаған. Ол өзін Өзбекстан Республикасы, Жиззақ облысы, Гагарин ауданында туылған, Өзбекстан Республикасы азаматы болып табылатын  У.Д.-мын деп таныстырған.

Полиция қызметкерлері оған қатысты әкімшілік ұстау хаттамасын түзіп, құқық бұзушының жүріп-тұру еркіндігін алдын-ала 30 тәулікке шектеу туралы ұсынысын сотқа жолданған.

Сот отырысында сұралған құқық бұзушы У.Д. Өзбекстан Республикасы, Жиззақ облысында, Гагарин ауданында туылған, Өзбекстан Республикасының азаматы екендігін, алайда өзінің жеке басын куәландыратын құжаттары және тұрақты тұрғылықты жері жоқ екендігін айтып көрсетті.

Сот қаулысымен құқық бұзушы У.Д-нің Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 625-1 бабының 2-бөлігіне сәйкес жүріп-тұру еркіндігі алдын ала 30 тәулікке шектелді.

Қаулы заңды күшіне енбеген.