Дәлелденбеген жайт сотқа жүгінуге негіз болды
17/07/2017
Шымкент қаласының Абай аудандық сотына азаматша Т. азаматшалар К. және Х.-ға, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет департаментіне ар-намыс, іскерлік абыройын қорғау және моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен жүгінген.
Сотта жауапкерлердің талапкердің үстінен жазған арыздардағы жәйттер толық дәлелін таппағаны салдарынан талапкердің абыройы мен қадір-қасиетін, іскерлік абырой қасиеттерін қорлағаны өз дәлелін тапты.
Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды.
Сот шешімі заңды күшіне енбеген.
Қайнар:
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі