3. МЕЙІРХАНОВА "Әділет" газетінің тілшісі, «СОТ ТӨРЕЛІГІ УАҚТЫЛЫ ӘРІ САПАЛЫ» // "Әділет" газеті, 05.08.2015ж.

Версия для печатиВерсия для печати

Жақында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов І-ші жартыжылдағы жұмыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Оған облыстық соттың Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы 3.Пірнияз, Азаматтық жәнө әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы М. Балкен қатысты.

Н. Шәріпов 6 айда атқарылған жұмыс қорытындылары туралы мына жайларды ортаға салды.

2015 жылдың 6 айында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында сот төрелігін уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарына 424 азаматтық іс, 29227 талап арыз түскен, яғни өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4422 іске немесе 13,1 пайызға аз.

Облыс соттарында биыл 6 айда 26437 азаматтық іс қозғалған.

Биыл 6 айда жалпы 27239 азаматтық іс аяқталған, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға аз. 16690 іс бойынша шешім шығарылған, яғни 4705 іске азайған.

Сондай-ақ 6 айда сырттай тәртіппен қабылданған сот шешімдерінің саны 60 болды, бұл былтырғы 6 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 95,5 пайызға аз.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық соттарға

13619 әкімшілік іс түскен, ал 2014 жылдың 6 айында 12399 әкімшілік іс түскен, яғни түскен әкімшілік істердің саны 1220 іске артып, 9,8 пайызға өскен.

Жыл басынан бері 13334 әкімшілік іс қаралған, ал 2014 жылдың салыстырмалы кезеңінде 11306 іс болса, биылғы көрсеткіш бойынша 2028 іске артып, 18 пайызға көбейген.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 13333 қаулы шығарылған, ал 2014 жылдың осы кезеңінде 11307 қаулы шығарылған болатын.

2015 жылдың 6 айында апелляциялық алқаның қарауына 143 әкімшілік іс түскен (2014 жылғы 6 айда бұл керсеткіш - 142 әкімшілік істі құраған болатын).

Биылғы бірінші жартыжылдықта аяқталған қылмыстық істердің саны артып, 3276 қылмыстық істі құрады (2014 жылдың көрсеткіші бойынша салыстырмалы кезеңде 2872 қылмыстық іс аяқталған). Бұл былтырғы жылдың 6 айдағы көрсеткішінен 404 іске артқан. Апелляциялық тәртіппен 8 үкім бұзылған.

Облыс соттары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп келеді.

Биыл жарты жылда судьялар мен сот қызметкерлері тарапынан баспасөз беттерінде 845 мақала (2014 жылы 6 айда - 650 мақала) жарияланып, телерадиодан 242 сұхбат (2013 жылы 6 айда - 309) берілді. Облыстық соттың веб-сайтына (www.ukosud.kz) былтыр 6 айда 2218 материал орналастырылса, биыл 2654 материал салынды.

Облыстық соттың ұйымдастыруымен мемлекеттік мерекелерге арналған салтанатты жиындар мен түрлі спорт сайыстары еткізілді. Оған барлық аудандық, қалалық соттардың төрағалары мен судьялары, ардагер судьялар және кеңсе қызметкерлері қатысты.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, Оңтүстік Қазақстан облыстық соты ғимаратының алдында облыстық соттың терағасы Н.Шәріповтың бастамасымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып орнатылған Даңқ тақтасының ашылу рәсімі болды. Мемориалды тақтаның ашылу рәсіміне ардагер судьялар, ҰОС ардагерлерінің туыстары мен облыстық соттың судьялары жене БАҚ екілдері қатысты. Ұлы Отан соғысынан оралған соң, біздің облыстың соттарында судья және төраға болып қызмет еткен 24 ардагер судьяның аты-жөні граниттен жасалған Даңқ тақтасына алтын әріптермен жазылды.

Биылғы 13 мамырда Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Есім ханның ескі жолы - ауызша қағидалар жиынтығының озық үлгілері» тақырыбында аймақтықғылыми конференция етті. Бұл іс-шараға Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстық соттарының судьялары, ардагер судьялар, сот қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, белгілі тарихшылар, құқықтанушы заңгер-ғалымдар, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ оқу орындарының екілдері, студенттер, БАҚ екілдері қатысты. . 2015 жылғы 18 маусымда Шымкентте белгілі заңгер, жазушы Нығмет Телөндіұлы атындағы кеше мен ескерткіштің ашылу салтанаты етті. Сонымен қатар жылдағы дәстүр бойынша облыс судьялары тарапынан Сайрамдағы балалар үйіне қайырымдылық кемек керсетілді. Нүрсерік Кәрімүлы жиналғандарға «Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы» туралы да әңгімелеп берді. Елбасы Ұлт жоспарында заңның үстемдігін қамтамасыз етуге ерекше кеңіл беліп, II белімдегі нақгы 16-34 қадамдарды сот және кұқық қорғау органдарының жұмысын жақсартуға - реформалауға арнап отыр. Мысалы, басты жаңалық: азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру қолға алынды. Ендігі жерде үш сатылы сот жүйесі жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ судьяларды іріктеу, тағайындау ісіне қойылатын талап күшейтілді. Міндетті бірнеше талап мынадай:

Сот істерін жүргізуге қатысудың бес жылдық етілі.

Талапкердің кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілеу жүйесін енгізу.

Үміткөрлерді соттарда стипендия теленетін бір жылдық тағылымдамад еткізу. Осы бір жылға созылатын тағылымдамадан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен етуі тиіс.

Алдағы кезде сот терелігі институты ҚР Жоғарғы сотының жанында жұмыс істейтін болады. Судьялардың жаңа этикалық кодексі қабылданады. Барлық  сот процестеріне бейне және таспаға жазу шаралары міндетті түрде енгізіледі. Алқа билер соты қатысатын салалар кеңейтіледі. Ұлттық жоспар бойынша заман талабына орай бірқатар жаңалықтар енгізілмек. Олар  инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді қолға алу. Дубай  тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC халықаралық арбитраждық орталығын құру. Жоғарғы сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру. Азаматтық-құқықтық даулар бойынша еткізілетін сот процесттеріне, прокурордың қатысуын қысқарту да  аталған жоспарда кезделіп отыр. Тағы бір айрықша жаңалық – жекеменшік сот  орындаушылар институтын одан әрі дамыту.

Осындай езгеріс - жаңалықтарды қолмен қойғандай етіп айтып берген және облыстық соттың жұмысымен байланыстыра әңгімелеген төраға бұдан соң журналистердің түрлі сұрақтарына нақты жауаптар қайтарды.