Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Баспасөз орталығы «100 нақты қадам «Ұлт жоспарын жаңа тарихи жағдайда одан әрі дамыту негіздері» // «Жемқорлықсыз Қазақстан» газеті, 29.07.2015ж

Версия для печатиВерсия для печати

Жуырда Онтүстік Қазакстан облыстык сотының ұйымдасіыруымен «100 накты кадам» «Ұлт жоспарын жаңа тарихи жағдайда одан әрі дамыту негіздері» тақырыбында мекеме аралык семинар-кенес откізілді.

Іс-шараның өткізілуінің негізгі мақсаты - Елбасының бес институционалдық реформаны жузеге асыруга байланысты үсынған «100 нақты қадам» стратегиялық жоспарын насихаттау мен талқылау және осы жоспарды іске асыру жолында атқарылатын іс-шаралар жоспарын құру.

Мекеме аралық семинар-кеңеске облыстық соттың судъялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 0Қ0 бойынша департаменті басшысының орынбасары-тәртіптік кеңес төрағасы, облыстық ішкі істер департаментінің, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің, облыстық әділет департаментінің басшылары, Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының төрағасы мен басқа да мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Семинар-кеңесте баяндама жасаған департамент басшысының орынбасары тәртіптік  кеңес төрағасы Б.Бекжанов кун тәртібінде талданып жатқан 1ОО-қадамның - 15-і кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналғандығын көрсете келе, сала мамандарын іріктеудің тәртібі күшейеді мемлекеттік қызметке қабылдау,  төменгі лауазымдардан басталады және жалақыларды болса қызметінің нәтижесіне байланысты өсіріледі. «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң қабылданады. Ізін ала іс басындағы барлық мемлекеттік қызметшілер кешенді аттестаттаудан өтетіндігіне тоқталды.

Бұл стратегиялық жоспардың Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға әрі күрделі кезеңнен сенімді өтуіне қажет «беріктік қорын» жасап беретіндігі анық деп көрсетті.

Сөз соңында мемлекеттік қызметші бір саланы ғана қамтитын мамандық иесі емес, ол Елбасымыздың саясатын жергілікті жерде жүргізуші, халық пен билік арасын-дағы тығыз байланыс орнатушы, елдің мұң-мұқтажын жеткізуші.

Ол - мемлекетіміздің бет-бейнесі және абыройлы еңбеккері деп көрсете келе, қазіргі уақытта департамент тарапынан  Елбасының және халықтың сенімін ақтау ушін - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға, олардың қызметін азаматтардың мүдделері үшін қанағаттандыруға, мемлекеттік қызмет сапасын жақсартып, мемлекеттік қызметшілерге этикалык және тәртіптік мінез-қулық қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жүмыстарға тоқталып өтті.