Әкімшілік сотта дөңгелек үстел өтті

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Әкімшілік сот ісінде Кеден заңнамасын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Түркістан облысының мамандандырылған сотының төрағасы М.Шарипов, судьялары А.Шарханов, М.Онласов, С.Кусембаева, Ж.Дербисалиева, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің мамандары А.Кеңес, А.Баянова, Департаменттің кедендік бақылау басқармасы өкілі Е.Шынәділ және тағы басқа қызметкерлер  қатысты.

Жинының негізгі мақсаты соттағы кеден даулары бойынша туындаған өзекті мәселелерді талқылау және осы мәселелердің шешу жолдарын ұсыну.

Төраға М.Шарипов жиынды ашып, өз сөзінде салық және кеден заңнамаларының дұрыс әрі біркелкі қолданылуы бірінші кезекте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталатынын және  соттаға даулы мәселенің көптігі осы кеден саласындағы шешімін таппаған мәселелердің бетін ашатынын, сот тарапынан заң мен әділеттікке негізделген бірізділік сот практикасын жасақтау қажеттігін атап өтті.

Жалпы Кеден заңнамасы – «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ»  2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінен және «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» 2017 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен – «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІ» - осы заңдардан және басқа нормативтік актілерден тұрады.

Жиында талқыланған мәселелер:

 Еуразиялық экономикалық одақта (бұдан әрі - Одақ) тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу мәселелері бойынша тундайтын даулар,

Тауарлардың Одақтың кедендік аумағына әкелінуіне, олардың Одақтың кедендік аумағынан әкетілуіне, олардың кедендік декларациялануына және шығарылуына байланысты кедендік операциялар, өзге де кедендік операциялар жасау тәртібіне байланысты даулар,

Кедендік төлемдерге қатысты мәселелер  талқыланды.

Сонымен қатар жиында салық- кеден дауларын сотқа дейін реттеу, кеден органдарының хабарламаларына шағымдану бойынша, кеден- салық органдарының іс-әрекеттеріне шағымдану, кеден заңнамасына қатысты әкімшілік істерді қарау практикасы, кеден органдарының іс-әрекеттеріне шағымдануға және мемлекеттік органдарына қатысты дауларды сотқа дейін реттеуге байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша Кеден органдары өз қызметін жүзеге асыру барысында салалық заңдарда басқа «Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» қағидаларын басшылыққа алуы тиіс екені, осы заңда көрсетілген нормаларды шағым арыздарды қарау барысында басшылыққа алу қажеттігі баса назарға алынды.

Іс-шараны қорытындылай келе дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан тиісті ұсынымдар қабылданды.

Источник: 
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі