Жұбайын ұрып-соққаны үшін әкімшілік қамауға алынды

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Құқық бұзушы А. Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Бекболатов көшесінегі өз үйінде жұбайы А.-мен араларындағы шыққан жанжал барысында соңғыны ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.

Іске тіркелген куәландыру сот-медициналық сарапшының қорытындысына сәйкес, А.-ның басының жабық жарақаты, миының шайқалуы, басының шүйде аймағының соғылған жарақаты анықталған.

Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 79-3-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

 

 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі