Cот тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1932 жылдың қантар айында БКП (б) Орталық Комитеті Қазақстанда облыстар құруды қажет деп тапты. Осыған байланысты Бүкілодақтық Атқару Комитетінің (ВЦИК) 1932 жылғы 10 наурыздағы қаулысымен Қазақстанда 6 облыс құрылды. Алғашқы облыстардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы да болды. Міне, сол уақыттан бастап облыстың барлық конституциялық мекемелері қатарында облыстық сот өз жұмысына кірісті. Бастапқы кезде облыстық соттың тоғыз мүшесі болды.Соттың тұнғыш төрағасы Омар Бейсенов болған. Ол кісі туралы басқа дерек жоқ. Бертін келе сот құрамына өзгерістер енгізілді. 1936 жылы қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі алқалар құрылды.

1938 жылдың қаңтарында облыс құрамынан қазіргі Жамбыл, Қызылорда облыстары бөлініп шыққанда, оларда да облыстық соттар шаңырақ көтерді.
1962 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесі құрылғанда облыстық сот өлкелік сот болды. 1964 жылы желтоқсанда өлке таратылғанда, облыстық сот қайта қалпына келтірілді. 
1954 жылы облыстық соттың төралқасы құрылды. Қазақстан Республикасының Президентінің 2018 жылғы 18 шілдедегі №717 Жарлығына сай, Оңтүстік Қазақстан облыстық соты Түркістан облыстық соты болып қайта аталды. Осы өткен 80 жыл аралығында облыстық соттың төрағасы болып 21 кісі қызмет етіпті.
Олар:

  • Омар Бейсенов 1932-1937 жж.
  • Нұмұхамед Жамшин 1937-1938 жж.
  • Шәкір Ғалиқайдаров 1938 ж.
  • Николай Александрович Кушнарев 1938-1940 жж.
  • Ілияс Баймұхаметов 1941 ж.
  • Ғани Ризаев 1941-1943 жж.
  • Өтеген Айымбетов 1943-1953 жж.
  • Атамқұл Жаңабаев 1953 ж.
  • Ғизатулла Ахмедов 1953-1960 жж.
  • Жұмақ Сейітов 1960-1962 жж.
  • Нығмет Төлендиев 1962-1971 жж.
  • Әбіләкім Әбдраманов 1971-1986 жж.
  • Марат Нұрбеков 1987-1991 жж.
  • Бекет Тұрғараев 1992-1995 жж.
  • Жарылқасын Достаев 1995-1996 жж.
  • Мұсабек Әлімбеков 1996-1999 жж.
  • Марат Нұрбеков 1999-2003 жж.
  • Тілектес Бәрпібаев 2003-2007 жж.
  • Абай Жамбылұлы Рахметулин 2007-2012 жж.
  • Шәріпов Нұрсерік Кәрімұлы 2012-2017 жж.
  • Баратбеков Талғат Қожанұлы 2017-2020жж.

Оңтүстік Қазақстан өңіріне үлкен еңбегі сіңген, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Нығмет Төлендиевтің орны ерекше. Нығмет Төлендиев 1962-1971 жылдары өлкелік және облыстық соттың төрағасы, 1970-1985 жылдары облыстық Әділет бөлімінің, қазіргі Әділет басқармасының бастығы қызметін атқарған. Ел ағасы Нығмет Төлендиевтің ерен еңбегі жоғары бағаланып, «Бірінші дәрежелі Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, екі рет «Ерлігі үшін» медалімен және тағы басқа 9 медалмен, екі рет Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, 3 рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталған. Нәкең зейнетке шыққаннан кейін де жастарды патриоттыққа, әділдікке баулуға ат салысып, оның 1975-2001 жылдары 7 кітабы жарық көрген.

Облыстық сот пен облыс судьяларының алдында өзіндік із қалдырған, Әбіләкім Әбдрамановты да атап кеткеніміз жөн. Әбекең өлкелік және облыстық сотта 25 жылдан артық еңбек етті, соның ішінде 1971-1986 жылдары облыстық сот төрағасы лауазымын атқарды. Ұзақ жылдар адалдықпен атқарған қызметі жоғары бағаланып, Ә.Әбдраманов «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, бірнеше медаль және Грамоталармен марапатталған.

Оңтүстік өңірінен түлеп ұшқан облыстық соттың судьялары:

  • Қарабаев Ержан Өсерханұлы
  • Мырзаке Ғалымжан Жарылқасынұлы
  • Абдуллаев Сәкен Жүсіпахметұлы
  • Алаухан Есберген
  • Варфоломеев Владимир Васильевич
  • Жайылғанова Анар Нұралықызы
  • Қожан Төлебай Әжібекұлы
  • Тұрғараев Бекет

2020 жылдың 31 желтоқсанынан бері Түркістан облыстық сотын Тұрысбек Ерболғанұлы Мыятбеков бақарып келеді.