Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы сот жүйесінің имидждік бағдарламасы ретінде, әділсот идеяларын тарату, сот билігі беделін және судья лауазымының абыройын көтеру, ашықтық, жариялылық және заңдылықты нығайту жағдайында, соттардың қызметіне және судьялар қауымдастығы органдарына деген қоғамның объективті пікірін қалыптастыру және қолдау танылады.

Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі - БАҚ) өзара қызмет тиімділігін арттыру және оларға соттардың қызметін заң тұрғысынан сауатты жариялауға қолдау көрсету үшін Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі жұмыс істейді.

Құрметті жорналшылар (журналистер)!

Соттар мен баспасөз құралдарының өзара қызмет ету мәселесі - соттар қызметінің басым бағыттарының бірі. Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Баспасөз қызметкерлері Сіздерге қаралатын істер жөнінде ақпаратты алуға және БАҚ өкілдерінің сот процестеріне қатысуына көмектеседі. Сондай-ақ, сот отырыстарын фото және бейнежазбаға түсіруге іске төрағалық етушінің келісімімен маманның түсіндірмесін алуға көмектеседі.

Судьялар қауымдастығы соттар жұмысының БАҚ-та қалай жарияланып жатқанына бей-жай қарай алмайды. Соттар мен БАҚ-тың арасында туындап жататын түсініспеушіліктің себебі, соттар мен БАҚ-ның, сот тақырыбындағы хабарламалардың қайсысының газет беттерінде жариялануға жататынын, оның ішінде радио мен телеарналардан берілетінін және олардың қалайша берілуі қажет екендігін түрліше түсінуінде болып табылады. Сондықтан, баспасөз қызметінің міндеті - сот процестерінің жорналшылармен объективті түрде, іске қатысушыларды құрметтеушілікпен, сот дауларын мүдделілікпен көрсетудің салдарын сезіне отырып, кәсіби, өкілетті түрде жариялануына, берілуіне қолдау көрсету болып табылады. Сот репортерларына үлкен жауапкершілік артылған. БАҚ-та сот процестерінің кәсіби, өкілетті түрде жариялануы, қоғамның соттардың қызметін объективті түрде бағалауына мүмкіндік беріп қана қоймайды, сондай-ақ, азаматтардың сот қорғауына жүгіну сұрақтарын жақсы түсінуіне, өз құқықтары мен мүдделерін тиімді түрде қорғауына көмектеседі.

Сонымен қатар, Сіздер біздің сайттан сот жаңалықтарының мұрағатын, облыс соттары қызметінің қорытындыларын, баспасөз конференциялары мен дөңгелек үстелдердің материалдарын, біздің пікіріміз бойынша қызықты деген мақалалар, жарияланымдар таба аласыз.

*Материалдардан үзінділер пайдаланған жағдайда, облыстық соттың сайтына сілтеме жасауды міндетті түрде белгілеуреіңізді сұраймыз.

 

Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаменті баспасөз бөлім басшысы:       

Серікбаев Әсет Жайлауұлы

Тел.: 87029774466

Ішкі тел: 0801

Электрондық адрес: 725-0801@sud.kz