Сот жүйесінің ардагерлері туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Бекназаров Айтжан 28 наурыз 1922 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылдан Төлеби ауданы 1 мамыр орта мектебінде тарих-география пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған соң әскер қатарына алынып, Тараз қаласында жасақталған 105 қазақ ұлттық атты әскер дивизиясында штат байланысшы болған. 1942 жылы тамыз айында атты әскер таратылып артиллерия полктері жасақталған. Осыдан соң 152 «гаубица» артиллериялық полкінің бесінші батареясының аға барлаушысы болып тағайындалған. Иванов облысы, Гороховец лагерінде екі ай жедел жаттығудан кейін 25 қазан 1942 жылы Сталинград майданына жөнелтілген. Полк 19 қараша 1942 жылы Сталинградтағы фашистік Германия әскерін қоршауға алу мақсатындағы  соғыс қимылдарына қатысқан. Осыдан соң полк 3-ші Украина майданында жаудан елді азат етуге қатысқан. 1943 жылы Днепрден өтіп оның арғы жағындағы «плацдарм» алу шайқасында көрсеткен ерлігі үшін «За отвагу» медалімен марапатталған. 1945 жылы наурыз айында «За боевую заслугу» медалімен, 1945 жылы жеңістен кейін II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған. 1947 жылдың қыркүйек айында Алматыдағы 2 жылдық «Заң мектебіне» түсіп, оны 1948 жылы желтоқсан айында мерзімінен бұрын бітіріп, Шымкентте адвокат қызметін атқарған. 1951 жылдың қаңтар айынан бұрынғы Ильич, қазіргі Мақтарал аудандық сотында судья болып сайланған. Осы ауданда 1982 жылы маусым айына дейін судья қызметін атқарып, зейнетке шыққан. Зейнетте жүргенде 4 кітап жазып оны баспадан шығарды. «Отан соғыс» «Ерлігі үшін», «Әскери еңбегі үшін» орден медалдарымен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына және облыстық сот ғимаратының ашылу салтанатына орай, ұзақ жылдар бойы сот саласында жұмыс істегені үшін «Құрметті судья» медалімен марапатталған.
 


 

Тойжанов Дилдабек, 22 наурыз 1937 жылы Чимкент облысы Cозақ ауданында туылған. Заң саласындағы еңбек жолын 1955 жылдың мамыр айынан 1956 жылдың тамыз айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Шаян аудандық халық сотының хатшысы қызметінен бастаған. 1956 жылдың тамыз айынан 1961 жылдың маусым айы аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің студенті, 1961 жылдың тамыз айынан 1962 жылдың маусым айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Пахтаарал аудандық прокуратурасының тергеушісі, 1962 жылдың маусым айынан 1966 жылдың қаңтар айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық прокуратурасының тергеушісі, 1966 жылдың ақпан айынан 1967 жылдың қаңтар айы аралығында мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғарғы курсанттар дайындайтын мектебінің тыңдаушысы, 1967 жылдың қаңтар айынан 1971 жылдың наурыз айы аралығында Шымкент облыстық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, аға сарапшысы, 1971 жылдың наурыз айынан 1976 жылдың қазан айы аралығында Шымкент облыстық партия комитетінің әкімшілік органының инструкторы, 1976 жылдың қазан айынан 1982 жылдың қаңтар айы аралығында Қазақ ССР-нің Шымкент көлік прокуратурасының прокуроры, 1982 жылдың қаңтар айынан 1985 жылдың желтоқсан айы аралығында Шымкент облыстық партия комитетінің әкімшілік органдарының бөлім меңгерушісі, 1985 жылдың желтоқсан айынан Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының мүшесі қызметтерін атқарған. Құқық қорғау саласында, оның ішінде сот жүйесінде қызмет атқарған, соттың қоғамдық жұмыстарына белсене араласқан ардагер.
 

 


 

 

Темір Өмірбек Тамірұлы 31 шілде 1943 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген. Заң саласындағы еңбек жолын 1965 жылдың ақпан айынан Алматы облыстық сотының сот мәжілісінің хатшысы қызметінен бастаған. 1968 жылдың шілде айынан 1970 жылдың шілде айы аралығында Алматы облысы, Кеген аудандық прокуратурасының тергеушісі, 1970 жылдың тамыз - желтоқсан айлары аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңесшісі, 1970 жылдың желтоқсан айынан 1981 жылдың қазан айы аралығында Сарыағаш аудандық халық сотының судьясы, 1981 жылдың қазан айынан 1983 жылдың сәуір айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, 1983 жылдың сәуір айынан 1987 жылдың наурыз айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, 1987 жылдың наурыз айынан 1995 жылдың қазан айы аралығында Оңтүстік Қазақстан Арбитраждық сотының бас төрешісі, 1995 жылдың қазан айынан 1996 жылдың желтоқсан айы аралығында ОҚО сотының шаруашылық істер жөніндегі алқа төрағасының міндетін атқарушы, 1996 жылдың желтоқсан айынан 2007 жылдың маусым айлары аралығында ОҚО сотының судьясы қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының «Құрмет грамотасымен», облыстық сот төрағасының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Сот саласында ұзақ жылдар бойы төраға, судья лауазымын абыроймен атқарып, сот жүйесінің қалыптасуына үлесін қосқан және қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын ардагер. 2008 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының ардагер судьялар кеңесінің төрағасы болып табылады.  
 


 

 

Жусіпов Айдар 19 мамыр 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1959 жылдың маусым айынан Ташкент облысы, Ворошилов колхазының экономисі қызметінен бастаған. 1960 жылдың маусым айынан 1961 жылдың қыркүйек айы аралығында Ленгер ауданы мемлекеттік сақтандыру бөлімінің бухгалтері, 1961 жылдың қыркүйек айынан 1963 жылдың наурыз айы аралығында Ленгер ауданы халық сотының сот орындаушысы, 1963 жылдың сәуір айынан 1964 жылдың желтоқсан айы аралығында Ленгер ақпараттық есептік орталық инспекторы, 1964 жылдың желтоқсан айынан 1983 жылдың қыркүйек айы аралығында Ленгер ауданы халық сотының сот орындаушысы, 1983 жылдың қыркүйек айынан 1987 жылдың ақпан айы аралығында Ленгер мемлекеттік нотариалды конторасының нотариусы, 1987 жылдың ақпан айынан 1994 жылдың ақпан айы аралығында Сайрам аудандық халық сотының халық судьясы, 1994 жылдың ақпан айынан 2002 жылдың мамыр айы аралығында Төлеби аудандық сотының судьясы қызметтерін атқарған.
 

 


 

 

Әміров Мейрхан Әмірұлы 24.09.1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1979 жылдың мамыр айынан Ленгір ауданы ауылшаруашылық басқармасының заңгер қызметінен бастаған. 1979 жылдың қазан айынан бастап 1986 жылдың қаңтар айы аралығында Ленгір ауданы ауылшаруашылық басқармасының аға заңгері, 1986 жылдың қаңтар айынан маусым айы аралығында РАПО Ленгір аппаратының аға заңгері, 1986 жылдың маусым айынан 1995 жылдың сәуір айы аралығында Шымкент облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, 1995 жылдың сәуір айынан 1996 жылдың қараша айы аралығында Ордабасы аудандық халық сотының судьясы, 1996 жылдың қараша айынан 2003 жылдың қаңтар айы аралығында Ордабасы аудандық сотының судьясы қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің 15 қаңтар 2003 жылғы №1015 санды Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметіне тағайындалып 2012 жылдың желтоқсан айына дейін атқарған. Әміров Мейрхан Әмірұлы сот саласында 17 жылдан астам уақытта судья лауазымын абыроймен атқарды. Соттың қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, сот әділдігін жүзеге асыру барысында өзінің қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының «Алғысымен», Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Төрағасының «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалімен», Оңтүстік Қазақстан облыстық соты Төрағасының «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Алғысымен» марапатталған.

 


 

 

Қамытбай Сыпабек Қамытбайұлы, 12 қараша 1950 жылы туылған, білімі жоғары - заңгер, өзінің еңбек жолын 1967 жылдың мамыр айынан бастап 1969 жылдың мамыр айы аралығында Қасқасу Ленгір аудандық колхозының трактор жүргізушісі қызметінен бастаған. 1971 жылдың тамыз айынан 1972 жылдың маусым айы аралығында Қасқасу Ленгір аудандық колхозының жұмысшысы, 1972 жылдың қыркүйек айынан 1975 жылдың тамыз айы аралығында СМУ №16 трест «Алмаатакульстройбытстрой» каменшигі, 1975 жылдың тамыз айынан 1976 жылдың тамыз айы аралығында Қазақ ССР ІІД қызметкері, 1976 жылдың қыркүйек айынан 1977 жылдың маусым айы аралығында СМУ №16 трест «Алмаатакульстройбытстрой» каменшигі, 1977 жылдың шілде айынан 1980 жылдың желтоқсан айы аралығында Пахтаарал ауданы ауыл шаруашылық басқармасының аға заңгері, 1980 жылдың желтоқсан айынан 1982 жылдың маусым айы аралығында Пахтаарал ауданының нотариусы, 1982 жылдың маусым айынан 1986 жылдың қазан айы аралығында Пахтаарал халық сотының судьясы, 1986 жылдың қазан айынан 2002 жылдың қыркүйек айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, 2002 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың қараша айы аралығында Мақтаарал аудандық сотының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 21 қараша 2005 жылғы №1674 санды Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметін атқарған. Қамытбай Сыпабек Қамытбайұлы сот саласында 30 жылдан астам уақытта істерді қарауда заң талаптарын дұрыс қолданып, сапалы қараған тәжірибелі, білікті судья. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының «Алғысымен», Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Төрағасының «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл мерекелік медалімен», «Қазақстан Республикасының Конституциясына  10 жыл мерекелік медалімен», Оңтүстік Қазақстан облыстық соты Төрағасының «Құрмет грамотасымен», Көптеген жылдар бойы сот жүйесінде қызмет атқарып, өз қызметтік міндеттерін сапалы әрі мүлтіксіз атқарғаны үшін 2013 жылы Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Сот жүйесінің құрметті қызметкері" белгісімен» марапаталған.
 

 


 

 

Кузьмина Ирина Григорьевна, 1933 жылы Ресей Федерациясының Свердловск облысында инженер отбасында дүниеге келген. 1951-1955 жылдары аралығында Алматы қаласындағы заң институтында оқыды, әрі қарай Қырғыз ССР-ң прокуратурасына жұмысқа жолданады, әрі қарай Фрунзе қаласында тергеуші қызметін атқарады. Отбасы жағдайларымен Хабаровск қаласына келіп, 1957-1974 жылдары аралығында Хабаровск қаласындағы ІІМ-ң мектебінде құқық пәні бойынша мұғалім қызметін атқарады. 1974 жылы Шымкент қаласына ауысу себебімен, Шымкент қаласындағы ІІМ-ң мектебінде жұмысын 1978 жылға дейін жалғастырады. 1978-1982 жылдар аралығында Абай аудандық заң бөлімінің адвокат қызметін атқарады. 1982-1988 жылдар аралығында Чимкент облыстық сотының судья қызметін атқарды.    

 


 

Садықова Роза Маслахатқызы 09.05.1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1973 жылдың шілде айынан Киров атындағы колхозының жұмысшысы қызметінен бастаған. 1974 жылдың қараша айынан 1975 жылдың қыркүйек айы аралығында М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің тыңдаушысы, 1975 жылдың қыркүйек айынан 1980 жылдың маусым айы аралығында М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің студенті. 1980 жылдың желтоқсан айынан 1997 жылдың маусым айы аралығында Шымкент облыстық сотының аға кеңесшісі, 1997 жылдың маусым айынан 2013 жылдың сәуір айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Төрағасының «Құрмет грамотасымен», Оңтүстік Қазақстан облыстық соты төрағасының «Алғысымен» хаттарымен бірнеше рет марапатталған. Сот саласында 31 жылдан астам уақыт бойы, оның ішінде 15 жылдан астам уақыт судья лауазымын абыроймен атқарған.
 

 


 

 

Марченко Светлана Георгиевна 26 қараша 1954 жылы Ресей Федерациясы Сахалинск облысында туылған. Еңбек жолын 1972 жылдың шілде айынан Хабаровск аумағы химфарм зауытының жұмысшысы қызметінен бастаған. 1973 жылдың қаңтар айынан ақпан айы аралығында Хабаровск аумағының ЖЭО-1 аппаратшысы, 1973 жылдың ақпан айынан қыркүйек айы аралығында Хабаровск аумағының «Дальэнергомонтаж» кадр бөлімінің инспекторы, 1973 жылдың қазан айынан 1975 жылдың шілде айы аралығында Шымкент қаласы №1 ЖЭО машинисті, мотористі, 1975 жылдың қыркүйек айынан 1978 жылдың маусым айы аралығында ішкі істер органында қызмет еткен. 1979 жылдың желтоқсан айынан 1980 жылдың шілде айы аралығында «Казгалантерейторг» базасының заң кеңесшісі, 1980 жылдың шілде айынан 1983 жылдың қараша айы аралығында №3 Автокомбинатының заң кеңесшісі, 1983 жылдың желтоқсан айынан 1988 жылдың наурыз айы аралығында кардандық вал зауытының аға заң кеңесшісі, 1988 жылдың сәуір айынан 1990 жылдың мамыр айы аралығында кардандық вал зауытының заң кеңесшісі, 1990 жылдың мамыр айынан 1994 жылдың қазан айы аралығында Шымкент облысының мемлекеттік арбитрі, 1994 жылдың қазан айынан 1996 жылдың қазан айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы арбитраждық сотының судьясы қызметтерін атқарған.
1996 жылдың қазан айынан 2012 жылдың желтоқсан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметін абыроймен атқарды. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» төсбелгісімен, «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңының 10-жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Грамотасымен», Оңтүстік Қазақстан облыстық соты төрағасының «Құрмет грамотасымен», «Алғысымен» марапатталған. Марченко Светлана Георгиевна сот саласында 22 жылдан астам уақытта істерді қарауда заң талаптарын дұрыс қолданып, сапалы қараған  тәжірибелі, білікті судья.
 


 

 

Тәшенова Қалима Шенгелбайқызы 2 қаңтар 1951 жылы туылған. Заң саласындағы еңбек жолын 1973 жылдың шілде айынан 1976 жылдың тамыз айы аралығында Жамбыл облысы, Жаңатас қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. 1976 жылдың тамыз айынан 1979 жылдың шілде айы аралығында Жамбыл облысы, Жаңатас қаласы прокуратурасының аға тергеушісі, 1979 жылдың шілде айынан 1981 жылдың сәуір айы аралығында Жамбыл облысы, Жаңатас қаласы прокурорының көмекшісі, 1981 жылдың сәуір айынан 1982 жылдың қыркүйек айы аралығында Жамбыл облысы, Жаңатас қаласы прокурорының аға көмекшісі, 1982 жылдың қыркүйек айынан 1983 жылдың сәуір айы аралығында Прокуратурада соттың қылмыстық істер қаралуын қадағалау бөлімінің прокуроры, 1983 жылдың сәуір айынан 1989 жылдың ақпан айы аралығында Шымкент облыстық партия комитетінің әкімшілік органы бөлімінің инструкторы, 1989 жылдың ақпан айынан 1996 жылдың қараша айы аралығында Шымкент қаласы Дзержинский аудандық халық сотының судьясы, 1996 жылдың қараша айынан 1997 жылдың сәуір айы аралығында Шымкент қалалық сотының судьясы, 1997 жылдың сәуір айынан 2001 жылдың қыркүйек айы аралығында Шымкент қалалық соты Еңбекші сот учаскесінің судьясы, 2001 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың шілде айы аралығында Шымкент қаласы №3 сотының судьясы, 2005 жылдың шілде айынан 2009 жылдың мамыр айы аралығында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметтерін атқарған. 20 жылдан астам уақыт судья лауазымын абыроймен атқарған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының «Құрмет грамотасымен», Оңтүстік Қазақстан облыстық соты төрағасының «Алғысымен» хаттарымен бірнеше рет марапатталған. Қызмет атқарған жылдары өзін жақсы жағынан таныта білген, өзінен кейінгі жас судьяларға үлгі болған қызметкер.
 

 


 

 

Стаценко Людмила Константиновна еңбек жолын 1971 жылдың сәуір  айынан бастап «Радиатор» зауытының техникалық бақылау бөлімінің контролері қызметінен бастаған.1972 жылдың шілде айынан 1975 жылдың тамыз айы аралығында «Оренбурггазстрой» құрылыс басқармасы №3 трестінің әдіскері, 1975 жылдың тамыз айынан 1976 жылдың қыркүйек айы аралығында «Роскульторг» базасының кадрлар бөлімінің инспекторы, 1976 жылдың қазан айынан 1977 жылдың тамыз айы аралығында «Оренбургпромстрой» №3 ЖКК үй басқармасының паспортшысы, 1977 жылдың тамыз айынан осы жылдың желтоқсан айы аралығында «Оренбурггазстрой» құрылыс басқармасы №2 трестінің кадр бөлімінің аға инспекторы, 1978 жылдың қаңтар айынан 1980 жылдың қазан айы аралығында Кентау трансформатор зауытының заңгер кеңесшісі, 1980 жылдың қазан айынан 1981 жылдың қаңтар айы аралығында Шымкент сүт өндірістік бірлестігінің заңгер кеңесшісі, 1981 жылдың қаңтар айынан 1988 жылдың ақпан айы аралығында «Ачполиметалл» комбинатының заңгер кеңесшісі, 1988 жылдың ақпан айынан 1994 жылдың сәуір айы аралығында «Миргалимсайсвинецстрой»  трестінің заңгер кеңесшісі, 1994 жыдың сәуір айынан 1995 жылдың шілде айы аралығында Кентау адвокаттар алқасының адвокаты, 1995 жылдың шілде айынан 1996 жылдың қараша айына дейін Кентау халық сотының судьясы, 2007 жылдың шілде айы мен 2012 жылдың шілде айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметтерін атқарған. Стаценко Людмила Константиновна сот саласында 17 жылдан астам уақытта судья лауазымын абыроймен атқарып, облыстық соттың судьясы қызметінен (отставкіге) шыққан. Соттың қоғамдық жұмыстарына бүгінгі күнге дейін белсене араласып, қызметтегі судьяларға өзінің алған тәжірибесімен бөлісіп отыратын, беделді ардагер судья. Көптеген жылдар бойы сот жүйесінде қызмет атқарып, өз қызметтік міндеттерін сапалы әрі мүлтіксіз атқарғаны  үшін «Судьялар одағының Құрметті мүшесі» құрмет белгісімен марапатталған.

 


 

 

Түлебаев Күмісбек 4 ақпан 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1966 жылдан бастап 1971 жылға дейін Жартытөбе ауылындағы совхозда жұмыс атқарған. 1971-72 жылдар аралығында совет армиясы қатарында болған. 1974 жылдан бастап 1978 жылға дейін С.М.Киров атындағы КазМУ-ң заң факультетінде оқыды. 1979 жылдан 1982 жылдар аралығында Шымкент қаласының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің инспекторы қызметін атқарды. 1982 жылдың сәуір айынан бастап қыркүйек айына дейін Шымкент қаласының ДОСААФ мекемесінде аға нұсқаушысы қызметін атқарды, әрі қарай 1983-86 жылдар аралығында Шымкент облыстық адвокаттар алқасының стажер, кейінірек адвокат қызметін атқарды. 1996 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін ОҚО облыстық сотының судья қызметін атқарды. 2008 жылы «Құрмет грамотасымен», 2010 жылы ОҚО мәслихатының «Алғысымен» марапатталған.  

 

 


 

 

Ермакова Лариса Николаевна 2 тамыз 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Мемлекеттік Университетін 1978 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Еңбек жолын 1966 жылы Шымкент халық сотының сот мәжіліс хатшысы қызметінен бастаған. 1973-1980 жылдар аралығында сот мәжілісінің хатшысы қызметтерінде, Шымкент облысы атқару комитеті әділет бөлімінің кеңесшісі, 1981 жылы Еңбекші мемлекеттік контораның нотариусы, 1984 жылы Дзержинский ауданының халық судьясы, 1992 жылы Абай ауданы халық сотының төрайымы, 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының мүшесі міндетін атқарушысы, 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық соты азаматтық алқасының мүшесі, 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық  соты азаматтық алқасы төрағасының міндетін атқарушы, 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық соты азаматтық алқасының төрайымы, 2007 жылы  Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметтерін атқарған.

 

 


 

 

Самбетова Гульнара Казихановна - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. 06 қаңтар 1954 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданында туылған. 1977 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-да құқықтану мамандығын бітірген, білімі жоғары.
Бастапқы еңбек жолын 1971 жылдың  шілде айынан 1972 жылдың шілде айы аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданы Красногорск совхоз – техникумының жұмысшысы қызметінен бастаған. 1972 жылдың тамыз айынан 1977 жылдың маусым айы аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті, 1977 жылдың тамыз айынан 1978 жылдың желтоқсан айы аралығында Өзбекстан ССР, Жизак облысы Мырзашөл аудандық халық  бақылау комитетінде іс жүргізуші, 1978 жылдың желтоқсан айынан 1979 жылдың қаңтар айы аралығында Өзбекстан ССР, Жизак облысы Мырзашөл аудандық атқару комитетінде инструктор, 1979 жылдың наурыз айынан 1981 жылдың маусым айы аралығында Чимкент оқу өндірістік өнеркәсібінде заңгер-кеңесші, 1981 жылдың қыркүйек айынан 1987 жылдың қыркүйек айы аралығында Чимкент қалалық атқару комитетінің заңгер-кеңесшісі, 1987 жылдың қыркүйек айынан 1991 жылдың наурыз айы аралығында Чимкент облыстық атқару комитетінде кеңесші, 1991 жылдың наурыз айынан 1992 жылдың наурыз айы аралығында Шымкент қалалық халық депутаттары кеңесінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған
 

 


 

 

Абдурасилов Спатай 08 желтоқсан 1944 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Ташкент Мемлекеттік Университетін (ТашМУ) 1973 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1962 жылы қыркүйек айынан 1963 жылдың тамыз айына дейін Ростов-на-Дону Ростсельмаш заводының 2 дәрежелі слесарь болып бастады. 1968 жылдың ақпан айынан 1969 жылдың қыркүйек айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы комсомол комитетінің инструкторы, 1969 жылдың қыркүйек айынан 1974 жылдың маусым айына дейін Ташкент Мемлекеттік Университетінің студенті болған. 1974 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы прокуратурада сынақ мерзімінен өтуші (стажер), 1974 жылдың желтоқсан айынан 1977 жылдың тамыз айына дейін Бөген ауданы прокуратурасының тергеушісі болды. 1977 жылдың тамыз айынан 1978 жылдың наурыз айына дейін Бөген ауданы прокурорының көмекшісі, 1978 жылдың сәуір айынан 1982 жылдың маусым айына дейін Бөген ауданы халық судьясы, 1982 жылдың маусым айынан 1987 жылдың маусым айына дейін Бөген ауданы халық сотының төрағасы, 1987 жылдың маусым айынан 1992 жылдың шілде айына дейін Арыс халық сотының судьясы, 1992 жылдың шілде айынан 1996 жылдың қараша айына дейін Түлкібас ауданы халық сотының төрағасы, 1996 жылдың қараша айынан 1999 жылдың қараша айына дейін Түлкібас аудандық сотының төрағасы, 1999 жылдың қараша айынан 2007 жылдың желтоқсан айына дейін Түлкібас аудандық сотының судьясы болып қызмет атқарды.
 


 

 

Агадилова Гулбану Бекенқызы 15 қараша 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген.
Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1975 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер.
Өзінің еңбек жолын 1967 жылы Ленгір қаласы носки фабрикасының жұмысшысы ретінде бастады. 1967 жылы ақпан айынан 1969 жылдың мамыр айына дейін Алматы қаласы ЖенПИ гардеробында жұмыс істеген, 1969 жылдың мамыр айынан маусым айына дейін Алматы қаласы, Калинин ауданы сотының хатшысы болып сот саласындағы қызметін бастады. 1969 жылдың маусым айынан 1973 жылдың қыркүйек айына дейін Алматы қаласы Калинин ауданы сотының сот мәжіліс хатшысы, 1973 жылдың қыркүйек айынан 1974 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласы, Калинин аудан сотында кеңсе басшысының міндетін атқарды. 1974 жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейін Алматы қаласы, Калинин ауданы халық сотында сот мәжілісінің  хатшысы, 1974 жылдың қыркүйек айынан 1975 жылдың қазан айына дейін Облыстық адвокаттар алқасынын сынақ мерзімінен өтті (стажер). 1975 жылдың қазан айынан 1982 жылдың шілде айына дейін Ленгір қаласы адвокаттар алқасының адвокаты, 1982 жылдың шілде айынан 1990 жылдың қазан айына дейін Облыстық сот мүшесі, 1990 жылдың қазан айынан 2010 жылдың қараша айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы сотының судьясы болып қызмет атқарған.
 


 

 

Әділ Өсімбек Бөрібекұлы 7 ақпан 1954 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1976 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1976 жылы Арыс қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. 1977 тамыз айынан 1988 наурыз айына дейін Ленин аудандық прокурорының көмекшісі, 1988 жылдың наурыз айынан сәуір айы аралығында облыстық прокуратураның тергеу басқармасында прокурор қызметін атқарған. 1988 жылдың сәуір айынан 1991 жылдың шілде айына дейін Шардара аудандық прокурорының көмекшісі, 1991 жылдың шілде айынан 1996 жылдың қараша айына дейін Шардара аудандық халық сотының халық судьясы. 1996 жылдың қараша айынан 2002 жылдың маусым айына дейін Қазығұрт аудандық сотының төрағасы, 2002 жылдың маусым айынан 2007 жылдың мамыр айына дейін Отырар аудандық сотының төрағасы, 2007 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың қыркүйек айына дейін Созақ аудандық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.
 


 

 

Балкен Темір 24 ақпан 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында  дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1974 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1974 жылдың қыркүйек айынан 1975 жылдың маусым айына дейін Түлкібас аудандық прокуратурасында сынақ мерзімінен (стажер) өтуші болып бастады. 1975 жылдың маусым айынан қыркүйек айына дейін Арыс қаласы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарды, 1975 жылдың қыркүйек айынан 1978 жылдың қараша айына дейін Арыс қаласы прокуратурасының аға тергеушісі, 1978 жылдың қараша айынан 1981 жылдың ақпан айына дейін Кентау қаласы прокуратурасының тергеушісі, 1981 жылдың ақпан айынан 1985 жылдың тамыз айына дейін Кентау қалалық прокуроры қызметін атқарған. 1985 жылдың қыркүйек айынан 1987 жылдың маусым айына дейін Кентау қалалық сотының төрағасы, 1987 жылдың шілде айынан 1989 жылдың қараша айына дейін Облыстық сот мүшесі. 1989 жылдың қараша айынан 1990 жылдың мамыр айына дейін Түркістан қалалық халық сотында судья болып міндетін атқарды. 1990 жылдың мамыр айынан 1996 жылдың қараша айына дейін Түркістан қалалық халық сотының төрағасы, 1996 жылдың қараша айынан 2000 жылдың ақпан айына дейін Түркістан қалалық халық сотының төрағасы, 2000 жылдың ақпан айынан 2002 жылдың маусым айына дейін Түлкібас аудандық сотының төрағасы, 2002 жылдың маусым айынан 2007 жылдың мамыр айына дейін Созақ аудандық сотының төрағасы, 2007 жылдың мамыр айынан 2008 жылдың маусым айынан Түркістан қалалық сотының судьясы болып қызмет атқарған.
 

 


 

 

Ердешбаев Мадибек Жолдасбекұлы 1 желтоқсан 1959 жылы Қызылорда облысында, Шиелі ауданында дүниеге келген Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1982 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1975 жылы Шиелі аудандық сотының курьері болып бастады. 1976 жылдың қаңтар айынан 1977 тамыз айына дейін Шиелі аудандық сотының сот мәжілісінің хатшысы, 1977 жылдың тамыз айынан 1982 жылдың маусым айына дейін С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің студенті болған. 1982 жылдың қараша айынан 1984 жылдың мамыр айына дейін Қызылорда облыстық атқару комитеті Ішкі істер басқармасында қызмет атқарды. 1984 жылдың мамыр айынан 1985 жылдың ақпан айына дейін Қызылорда облыстық атқару комитетінің хатшысы, 1985 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін Шиелі аудандық прокуратурасында тергеуші болған. 1985 жылдың тамыз айынан 1986 жылдың шілде айына дейін Қызылорда қаласы прокуратурасында аға тергеуші, 1986 жылдың шілде айынан 1987 жылдың наурыз айына дейін Қызылорда облыстық прокуратурасында аға тергеуші. 1987 жылдың наурыз айынан желтоқсан айына дейін Арал аудандық прокурорының көмекшісі, 1987 жылдың желтоқсан айынан 1988 жылдың мамыр айына дейін Сырдария ауданы прокурорының көмекшісі, 1988 жылдың мамыр айынан 1990 жылдың қаңтар айына дейін Қызылорда облыстық покурорының көмекшісі болған.1990 жылдың қаңтар айынан бастап 1996 жылдың қараша айына дейін Жаңа-Қорған ауданы халық сотының судьясы, 1996 жылдың қараша айынан 2002 жылдың сәуір айына дейін Жаңа-Қорған аудандық сотының төрағасы болып, 2002 жылдың сәуір айынан 2006 жылдың қараша айына дейін Мақтаарал аудандық сотында судья қызметін атқарған.
 


 

 

Ертаев Мырзақұл 25 мамыр 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1978 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1967 жылы Киров ауданы санитарлық-эпидемиологиялық станция инспекторы қызметінен бастады. 1968 жылы қараша айынан 1969 жылдың ақпан айына дейін  Киров емдеу-санитарлық бірлестігінде бухгалтер-экономист, 1969 жылы сәуір айынан 1973 жылдың тамыз айына дейін Киров аудандық медициналық бірлестікте бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары қызметін атқарды. 1973 жылдың тамыз айынан 1978 жылдың тамыз айына дейін С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің студенті болған. 1979 жылдың наурыз айынан 1982 жылдың сәуір айына дейін Шымкент облыстық атқару комитеті әділет бөлімінің маманы. 1982 жылдың маусым айынан 1985 жылдың қыркүйек айына дейін  Бөген аудандық халық сотының халық судьясы, 1985 жылдың қыркүйек айынан 1987 жылдың маусым айына дейін Еңбекші ауданы мемлекеттік нотариаттық конторасының нотариусы қызметін атқарып, 1987 жылдың маусым айынан 1990 жылдың мамыр айына дейін Жетісай аудандық халық сотының халық судьясы, 1990 жылдың мамыр айынан 1997 жылдың шілде айына дейін Жетісай аудандық халық сотының төрағасы, 1997 жылдың шілде айынан 2002 жылдың желтоқсан  айына дейін Мақтаарал аудандық сотының төрағасы, 2002 жылдың желтоқсан айынан 2011 жылдың маусым айына дейін Мақтаарал ауданы №2 аудандық сотының судьясы болып қызмет атқарған.
 

 


 

 

Калдарова Акмарал Бейсеновна 25 қыркүйек 1953 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.
Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1976 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын  1970 жылы Чимкент облыстық прокуратурасында курьер ретінде бастаған. 1971 жылдың тамыз айынан 1977 наурыз айына дейін облыстық прокуратурасында кеңсе хатшысы, 1977 жылдың наурыз айынан қазан айына дейін Еңбекші аудандық прокуратурасында сынақ мерзімін өтуші (стажер), 1977 жылдың қазан айынан 1979 жылдың сәуір айына дейін Еңбекші аудандық прокуратурасында тергеуші, 1979 жылдың сәуір айынан 1982 жылдың шілде айына дейін прокурор көмекшісі болып істеген. 1982 жылдың шілде айынан 1993 жылдың наурыз айына дейін Шымкент облыстық сотының мүшесі, 1993 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың қараша айына дейін Шымкент қаласы Абай ауданының халық судьясы, 1996 жылдың қараша айынан 2000 наурыз айына дейін Шымкент қалалық сотының судьясы, 2000 жылдың наурыз айынан 2011 жылдың қыркүйек айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметтерін атқарған.
 

 


 

 

Құмалакова Гүлжахан Сапарқызы 15 қазан 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1974 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1968 жылдың наурыз айынан Сарыағаш аудандық аурухананың жедел жәрдем фельдшері болып бастады. 1969 жылдың шілде айынан 1974 жылдың маусым айына дейін Сарыағаш аудандық аурухана фельдшері болды. Сот саласындағы қызметін 1974 жылдың маусым айынан 1975 жылдың қаңтар айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында сот мәжілісінің хатшысы болып бастады. 1975 жылдың қаңтар айынан 1980 жылдың қазан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы сотының аға кеңесшісі, 1980 жылдың қазан айынан 1987 жылдың маусым айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы сотының мүшесі, 1987 жылдың маусым айынан 1990 жылдың мамыр айына дейін Еңбекші ауданының халық судьясы, 1990 жылдың мамыр айынан 1993 жылдың қараша айына дейін Еңбекші ауданы халық сотының төрағасы болды. 1993 жылдың қараша айынан 1996 жылдың қыркүйек айына дейін Әл-Фараби ауданы прокурорының көмекшісі, 1996 жылдың қыркүйек айынан 1996 жылдың қараша айына дейін Шымкент қаласының аға прокуроры, 1996 жылдың қараша айынан 2007 жылдың желтоқсан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сотының судьясы қызметін атқарды.
 

 


 

 

Қалдиев Нұрмаханбет 29 желтоқсан 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1981 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1971 жылдың желтоқсан айынан 1973 жылдың шілде айына дейін Ленинск ауданы мәдениет үйінің директоры болып бастады. 1973 жылдың тамыз айынан 1975 жылдың қараша айына дейін Бөген ауданы ХХІ Партсъезд совхозында комсомол хатшысы, 1975 жылдың қараша айынан 1980 жылдың ақпан айына дейін Ленгір аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің инструкторы, 1980 жылдың ақпан айынан 1981 жылдың тамыз айына дейін Ленгір аудандық атқару комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі, 1981 жылдың тамыз айынан 1986 жылдың тамыз айына дейін Ленгір аудандық атқару комитетінің үгіт-насихат бөлімінің инструкторы, 1986 жылдың тамыз айынан 1987 жылдың шілде айына дейін Шымкент қаласы әділет бөлімінің консультанты, 1987 жылдың маусым айынан 1990 жылдың мамыр айына дейін Сарыағаш ауданы халық сотының судьясы, 1990 жылдың мамыр айынан 1992 жылдың шілде айына дейін Сарыағаш ауданы халық сотының судьясы, 1992 жылдың шілде айынан 1996 жылдың қараша айына дейін Арыс халық сотының төрағасы, 1996 жылдың қараша айынан 2002 жылдың маусым айына дейін Төлеби аудандық сотының төрағасы, 2002 жылдың маусым айынан 2007 жылдың мамыр айына дейін Қазығұрт аудандық сотының төрағасы, 2007 жылдың мамыр айынан 2008 жылдың қазан айына дейін Сарыағаш №2 аудандық сотының төрағасы болып қызметтерін атқарған.

 

 


 

Қалықұлов Өміртай 31 желтоқсан 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1971 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1958 жылы тамыз айынан 1967 жылдың наурыз айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы «Красная звезда» к/з колхозшы болып бастады. 1967 жылдың наурыз айынан 1969 жылдың тамыз айына дейін Түлкібас ауданы мәдениет клубының меңгерушісі, 1969 жылдың тамыз айынан 1969 жылдың желтоқсан айына дейін Түлкібас аудандық тұтыну одағының заңгер кеңесшісі болды. 1970 жылдың ақпан айынан 1974 жылдың наурыз айына дейін Түлкібас ауданы, Жданов атындағы мекетепте мұғалім, 1975 жылдың қараша айынан 1977 жылдың наурыз айына дейін Түлкібас нотариалды конторының нотариусы қызметін атқарды. 1982 жылдың маусым айына дейін Түркістан қаласы сотының халық судьясы, 1982 жылдың маусым айынан 2001 жылдың қыркүйек айына дейін Келес ауданы сотының төрағасы. 2001 жылдың қыркүйек айынан 2002 жылдың мамыр айына дейін Сарыағаш №2 аудандық сотының судьясы қызметінде болды.
 

 


 

 

Құсайнова Раиса Асқарқызы 10 қараша 1943 жылы Доможирова мекені, Белозерский ауданы, Қорган ауданында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1969 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1962 жылы қараша айынан 1963 жылдың ақпан айына дейін Тюмень қаласы №3 Борковск балалар үйінің тәрбиешісі ретінде бастады. 1963 жылдың ақпан айынан наурыз айына дейін Тюмень қаласы ДОСААФ инструкторы болды. Сот саласындағы қызметін 1963 жылдың сәуір айынан Тюмень қаласында сот мәжілісінің хатшысы болып бастады. 1964 жылдың қазан айынан 1967 жылдың маусым айына дейін Алматы қаласы облыстық соттында сот мәжілісінің хатшысы қызметін атқарды. 1967 жылдың қыркүйек айынан 1969 жылдың маусым айына дейін С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Уневерситетінің студенті, 1969 жылдың маусым айынан қараша айына дейін Шымкент қаласы прокуратурасында сынақ мерзімінен өтуші (стажер) болды. 1969 жылдың қараша айынан 1972 жылдың наурыз айына дейін Шымкент облысы прокурорының көмекшісі, 1972 жылдың наурыз айынан 1981 жылдың ақпан айына дейін Адвокаттар алқасының мүшесі.1981 жылдың ақпан айынан 1987 жылдың наурыз айына дейін Абай ауданының судьясы, 1987 жылдың наурыз айынан 1990 жылдың маусым айына дейін Шымкент облыстық сотының мүшесі. 1990 жылдың маусым айынан 1994 жылдың қараша айына дейін  Бөген (Ордабасы) ауданы халық сотының төрағасы қызметінде болды. 1994 жылдың қараша айынан 1996 жылдың қараша айына дейін Әл-Фараби ауданының судьясы, 1996 жылдың қараша айынан 2002 жылдың мамыр айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыс сотының судьясы қызметін атқарды.

 


 

 

Орынбай Шералы Оразгелдіұлы 20 қазан 1946 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1982 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1969 жылы Түркістан ауданы халық сотының сот мәжілісінің хатшысы ретінде бастады. 1971 жылдың сәуір айынан 1973 жылдың маусым айына дейін Кеңес әскері қатарында борышын өтеді. 1973 жылдың маусым айынан 1982 жылдың қыркүйек айына дейін Түркістан ауданы халық сотының сот мәжілісінің хатшысы, 1982 жылдың қыркүйек айынан 1987 жылдың наурыз айына дейін Кентау қаласы мемлекеттік нотариаттық нотариусы болды. 1987 жылдың наурыз айынан 1990 жылдың мамыр айына дейін Түркістан қаласы мемлекеттік нотариаттық конторасының нотариусы, 1990 жылдың мамыр айынан 1995 жылдың сәуір айына дейін Кентау қаласы халық сотының халық судьясы, 1995 жылдың сәуір айынан 1996 жылдың қараша айына дейін Түркістан қаласы халық сотының халық судьясы, 1996 жылдың қараша айынан 2010  жылдың қараша айына дейін Түркістан қалалық сотының судьясы болып қызметтерін атқарған.

 

 


 

 

Павлова Наталья 22 қазан 1953 жылы Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1977 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1970 жылы Түлкібас ауданы №78 бала бақшада тәрбиеші болып бастайды. 1972 жылдыңтамыз айынан 1977 жылдың маусым айына дейін С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің студенті, 1977 жылдың тамыз айынан 1981 жылдың сәуір айына дейін «Восход» Чимкент тігін фабрикасында заңгер-кеңесші. 1981 жылдың сәуір айынан 1982 жылдың қазан айына дейін Шымкент облыстық атқару комитетінде мемлекеттік арбитр, 1982 жылдың қазан айынан 1983 жылдың маусым айына дейін «Казмясомолторг» аға заңгер-кеңесші. 1983 жылдың маусым айынан 1987 жылдың маусым айына дейін Шымкент облыстық адвокаттар коллегиясының мүшесі, 1987 жылдың маусым айынан 1989 жылдың қыркүйек айына дейін Түлкібас ауданының халық судьясы, 1989 жылдың қыркүйек айынан 1993 жылдың қазан айына дейін Шымкент қаласы Абай аудандық халық сотының халық судьясы, 1993 жылдың қазан айынан 1994 маусым айына дейін Шымкент мемлекеттік фарминститутында заңгер-кеңесші, 1994 жылдың маусым айынан қазан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық арбитражды сотының кеңесшісі, 1994 жылдың қазан айынан 1996 жылдың қазан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық арбитражды сотының судьясы, 1996 жылдың 2011 жылдың қыркүйек айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметтерін атқарған.

 

 


 

 

Утембаева Гульзада 09 желтоқсан 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1983 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1975 жылдың тамыз айынан Шымкент қаласы Еңбекші аудандық халық сотының сот мәжілісінің хатшысы ретінде бастады.  1978 жылдың шілде айынан 1979 жылдың сәуір айына дейін Шымкент қаласы Еңбекші аудандық халық сотының сот орындаушысы, 1979 жылдың cәуір айынан 1981 жылдың шілде айына дейін Кентау қаласының сот орындаушысы, 1981 жылдың шілде айынан 1983 жылдың шілде айына дейін Шымкент қаласы Еңбекші аудандық халық сотының сот орындаушысы, 1983 жылдың сәуір айынан 1985 жылдың қазан айына дейін Чимкент мемлекеттік нотариалды конторасының нотариусы, 1985 жылдың қазан айынан 1991 жылдың шілде айына дейін Чимкент облыстық атқару комитеті әділет бөлімінің кеңесшісі, 1991 жылдың шілде айынан 1997 жылдың мамыр айына дейін Дзержинский халық сотының халық судьясы, 1997 жылдың мамыр айынан 2001 жылдың қыркүйек айына дейін Шымкен қалалық сотының Абай бөлімшесінің судьясы,  2001 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың тамыз айына дейін Шымкент қаласының №2 сотының судьясы, 2005 жылдың тамыз айынан 2010 жылдың қараша айына дейін Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы ретінде қызмет атқарған.

 

 


 

 

Шекербек Кенжебек Медетұлы 1 сәуір 1944 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1975 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1962 жылы Киров ауданының Первомаевка ауыл мектебінде кітапхана меңгерушісінен бастады. 1964 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін Киров ауданында Партсъезд ХХ атындағы Мақта совхозының бухгалтері болып, 1964 жылдың желтоқсан айынан 1969 жылдың қазан айына дейін Кеңес әскері қатарында борышын өтеді. 1969 жылдың қазан айынан 1970 жылдың ақпан айына дейін Узбек ССР Фариш ауданы, Арнасай совхозында бухгалтер болды. Сот саласындағы қызметін 1970 жылдың ақпан айынан Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара аудандық сотының сот мәжілісінің хатшысы болып бастады. 1973 жылы маусым айы мен 1976 жылы Кентау қаласының халық судьясы, 1976 жылдың ақпан айынан 1978 жылдың ақпан айына дейін Шымкент қаласы әділет бөлімінің аға кеңесшісі, 1978 жылдың ақпан айынан 1982 жылдың маусым айына дейін Сайрам ауданының халық судьясы. 1982 жылдың маусым айынан 1987 жылдың маусым айына дейін Сайрам аудандық сотының төрағасы қызметін атқарды. 1987 жылдың шілде айынан 1988 жылдың қазан айына дейін Шымкент ПМК  заңгер кеңесшісі, 1988 жылдың қазан айынан 1989 жылдың ақпан айына дейін «Шымкент мебель» ПО заңгер кеңесші, 1989 жылдың ақпан айынан 1991 жылдың қазан айына дейін Облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, 1991 жылдың қазан айынан 1992 жылдың наурыз айына дейін Әділет басқармасының 2-дәрежелі маманы, 1992 жылдың наурыз айынан 1992 жылдың маусым айына дейін Облыстық соттың аудармашы кеңесшісі, 1992 жылдың маусым айынан 1996 жылдың қазан айына дейін Шымкент облысы сотының мүшесі, 1996 жылдың қазан айынан 2004 жылдың шілде айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыс сотының қылмыстық істер алқасының судьясы, 2004 жылдың шілде айынан 2005 жылдың шілді айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыс сотының азаматтық істер алқасының судьясы болды. 2005 жылдың шілде айынан 2007 жылдың наурыз айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметін атқарды.

 

 


 

 

Шынарбаева Айша 07 ақпан 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан Облысы, Ленгір қаласында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Уневерситетін (ҚазМУ) 1973 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары-заңгер. Өзінің еңбек жолын 1966 жылдың қыркүйек айынан Оңтүстік Қазақстан Облысы, Ленгір қаласы №17 мектеп-интернаттың тәрбиешісі болып бастады. 1968 жылдың тамыз айынан 1973 жылдың маусым айына дейін С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Уневерситетінің студенті. 1974 жылдың қыркүйек айынан 1975 жылдың қазан айына дейін Ленгір ауданының ауыл шаруашылық басқармасының аға заңгер кеңесшінің міндетін атқарды, 1970 жылдың  маусым айынан 1972 жылдың қараша айына дейін Қызылқұм аудандық Талапты совхозының жұмысшысы, 1975 жылдың қараша айынан 1977 жылдың тамыз айына дейін Созақ тұтыну қоғамы (райПО) экономисті, 1977 жылдың тамыз айынан 1979 жылдың қыркүйек айына дейін Созақ тұтыну қоғамы кадр басқармасы төрағасының орынбасары, 1979 жылдың қыркүйек айынан 1981 жылдың мамыр айына дейін Созақ тұтыну қоғамы общепит директоры, 1981 жылдың маусым айынан 1982 жылдың маусым айына дейін Облыстық атқару комитеті әділет бөлімінің кеңесшісі, 1982 жылдың маусым айынан 1987 жылдың маусым айына дейін Ленгір ауданы халық судьясы, 1987 жылдың маусым айынан 1990 жылдың мамыр айына дейін Сарыағаш ауданының халық судьясы, 1990 жылдың мамыр айынан 1993 жылдың наурыз айына дейін Сарыағаш халық сотының төрағасы, 1993 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың қараша айына дейін Еңбекші ауданы сотының халық судьясы, 1996 жылдың қараша айынан 1997 жылдың сәуір айына дейін Шымкент қалалық сотының судьясы, 1997 жылдың сәуір айынан 2001 жылдың қыркүйек айына дейін Еңбекші сот бөлімінің судьясы, 2001 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың тамыз айына дейін Шымкент қаласы №3 соттың судьясы, 2005 жылдың тамыз айынан 2007 жылдың наурыз айына дейін Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметтерін атқарды.