Жарияланымдар

Қазақ

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.Дүйсенби: "Хат тасушыдан қазылыққа дейінгі 40 жыл", "Заң газ.", 11.04.2017 ж.

Судьялық мамандықты басқа кәсіппен салыстыру мүмкін емес. Әсіресе, табиғаты бөлек, жаратылысы нәзік қыз-келіншектер үшін бұл жұмыстың қиындығы басым, жауапкершілік жүгі ауыр. Әдетте, қарапайым халықтың ұғымында «сот» деген сөздің өзі тек соттаушы ғана ретінде сезіліп, суық естіліп жататыны жасырын емес. Алайда, әйел судьялардың да өзгелер секілді жүрегі бар адам екенін, табиғаты жұмсақ десек те, мамандығына келгенде қаталдау, шегінен шықпайтын міндеттері, судья әдебі секілді орындауға тиісті талаптары болатыны белгілі. Сондай өмірінің 40 жылын сот саласына арнап, әділдікті таразылаған жанның бірі – кешегі Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы, сот жүйесіне сіңірген елеулі еңбегі ба­ғаланып «Үш би» төбелгісінің иегері былтырғы қазан айынан бастап доғарыстағы судья Шара Әбдешқызы БИЙСЕНБИЕВА. Оны осынша жыл судьялықтың бұғауынан босатпаған терең білім, жоғары кәсіпқойлық, өз ісіне деген адалдық пен шынайы ынта-ықылас екенін сұхбат барысында болған әңгімеден түйдік.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ. Дүйсенби: "Ғибратты Ғұмыр", "Заң газ.", 11.04.2017 ж.

Ежелден батырларын ардақтап, билерін ұлықтай білген халықпыз. Соның жарқын көрінісіндей, жуырда Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Ұлы Отан  соғысының және сот жүйесінің ардагері Айтжан Бекназардың   95 жасқа толуына орай ізет көрсету шарасы өтті.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н. Шәріпов: "Міндет – айқын, жол – жарқын", "Айғақ", 05.04.2017 ж.

Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында сот саласын одан әрі дамыту туралы атап көрсеткен бағыттарын басшылыққа алып, облыс соттарындағы әрбір судья сот билігінің биік абыройы үшін адал қызмет етіп, сот жүйесін одан әрі жетілдіру бағытында жұмыстарды атқаруда. 2017 жылдың 31 қаңтарында жарияланған Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайларға орай тәуелсіз мемлекетіміздің жүргізетін ішкі-сыртқы саясаты нақтыланып, алдағы уақытта көңіл бөлінетін маңызды мәселелер мен басты міндеттер  айқындалған.

Беттер