А. ЕРДАНҚҰЛҚЫЗЫ тілші, Міндеттер айқындалды // «Заңнама» газеті» 30.06.2015ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кіші мәжіліс залында «100 нақты қадам: Жаңа тарихи жағдайда ұлт жоспарын одан әpi дамыту негіздері» тақырыбында мекеме аралық семинар - кеңес өтті. Кеңеске облыстық сот терағасы Н.Шәріпов пен облыстық соттың алқа төрағаларының жене судьяларының, ауданөдық (қалалық) соттардың төрағаларының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов кіріспе сөзінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың елдің экономикасы мен әл-ауқатын, тыныс-тіршілігін, өмір-салтын жақсартуда алдағы атқарылатын жұмыстарды нақты қадамдармен айқындағанын айта келіп, реформалардың жаңа тарихи жағдайдағы олардың қажеттілігі мен маңыздылығына тоқтала келіп, кеңеске қатысушыларды ой бөлісуге шақырды. Елбасы бұл реформаларды іс жүзіне асыру тек мемлекеттік органдардың ғана емес, Қазақстанның әрбір азаматының ісі екендігін атап өткенін еске салды.

Нұрсерік Керімұлы 5 институттық реформалардың заңның үстемдігін қамтамасыз ету деп атаған екінші бөліміндігі 16-дан бастап 34 аралығындағы қадамдардың негізгі тұстарына тоқталып, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру және бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшудің бүгінгі заман талабы екендігі туралы өз пікірін айтты.

Семинар-кеңесте баяндама жасағандар Прези­дент ұсынған мемлекеттік қызметті, сот жүйесін, құқық қорғау қызметін реформалау, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мәселелері және оларды тиімді түрде жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Облыстық сопың азамапық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Мадияр Балкен осы үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу мен инвестициялық дауларды шешудегі қолға алынып отырған қадамдарды мейлінше ашық түсіндірді. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Зиядинхан Пірнияз судьялық лауазымға қойылатын талаптарға тоқталды. Міндетті түрдегі талап - сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өткенін айта келіп, сонан соң ғана олардың толыққанды судья болып есептелетінін егжей-тегжейлі түсіндірді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жене сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Берік Бекжанов, ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департамент бастығының орынбасары Нұржан Теңлібаев, ОҚО Әділет департаментінің басшысының орынбасары Мейіржан Исабеков, ОҚО прокуратурасының басқарма бастығы Нұрлан Ермановтар өз саласына тиісті қадамдарда бекітілген талаптар төңірегінде келелі әңгіме өрбітті.

Мекемеаралық семинар-кеңеске қатысушылар талқыланған мәселелердің өзектілігін атап өтіп, осы мақсатта бірлесе әрекет етуге дайын екендіктерін білдірді.