Ғ.БЕКПАТША Облыстық соттың судьясы, «Азаматтық істерді жеңілдетілген тәртіппен қараудың ерекшеліктері»// Заңнама газеті, 14.08.2015ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

ҚР Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасы» еліміздің болашақтағы даму стратегиясын анықтайтын маңызды құжат болып табылады. Әлем елдерінің экономикасы мен саясатындағы ілгері жылжулар мен өзгерістер, болып  жатқан жаһандану процестері еліміздің ішкі даму көрсеткіштері бойынша қол жеткен табыстармен ғана шектеліп қалуға  болмайтындығын өмір өзі делелдеп отыр.

Сондықтан, ұлттық құқықтық  институттарымыздың заман талабына сайкес болуын, олардың басекелестік қабілетін көтеру үшін мемлекетімізде құқық қолдану жэне заң қабылдау бағытындағы шығармашылық шараларды жаңа деңгейде ұйымдастыру меселелерін бүгінгі күннің  басты талаптары ретінде қарастыру қажет. Әpi Қазақстан Республикасы мен халқы 2050 жылға дейін алемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру туралы ұлы мақсатқа жету үшін құлшына еңбек етуді бастаған кезеңде,  аталған шаралардың орындалуын қамтамасыз ететін еліміздің құқық жүйесіне қойылатын талаптар мен олардың алдында түрған міндеттер ауқымы өте жоғары дарежеде екенін естен шығармауымыз керек.

Аталған құқықтық саясат тұжырымдамасына қоғамдық сұраныстар мен даму ерекшелектерін, азаматтардың өмір сұру сапасын арттыру, мемлекеттік құрылымдарды нығайту мөселелерін ескере отырып, Елбасының 2014 жылғы 16 қаңтардағы №731 Жарлығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен, қоғамда отандық құқық институттарын жетілдіру, қолданыстағы заңнамаларды белгілі бір жүйеге келтіру, ескірген және бiрін-бipi қайталайтын қағидаларды реттеу, заңнамалар жүйесін одан әрі дамыту мәселелері туындап отыр.

Елімізде нарықтық экономиканың жан-жақты және табысты дамуы, индустриализация, инно­вация, инвестиция салаларындағы жаңашыл шаралардың жүзеге асырылуы, жалпы кәсіпкерлікті, оның ішінде, кіші және орта бизнес субъектілеріне жағдай жасау т.с.с. мәселелерге зор көңіл бөлініп, аталған қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды дер кезінде әрі заңдылық тұрғыдан шешу үлкен саяси мәселе болып тыбылады. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі мен Азаматтық іс жүргізу кодексінің қағидаларын жоғарыда көрсетілген талаптар шеңберінде қайталап, тағы бір рет зерделеу қажепілігі туындап отыр.

Қазақстандағы Азаматтық іс жүргізу кодексі (бұдан әрі АІЖК) 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданып, сонан бері аталған заңға 50-ден астам өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Егер, Азаматтық іс жүргізу кодексін Республика азаматтарының сот төрелігіне қолжетімділігін, сот өндірісіне қатынасушы жақтардың іс жүргізу құқықтарын жоғары дәрежеде жүзеге асыруды, азаматтардың бұзылған қүқықтарын қорғау мен орнына келтіруді, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін заңнамалар жинағы деп қабылдасақ, онда аталған кодекстің жаңа жобасын дайындау қажеттілігі түсіндіруді қажет етпейтін сияқты.

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Республика судьяларының алтыншы сьезінде сот жүйесінің алдына бірнеше міндеттер койған болатын. Бүгінгі күні жүзеге асып жатқан сол міндеттердің бірі соттарда істерді қарау тәртібін жеңілдету.

Сол мақсатта, 2014 жылы 17 қарашада Қазақтан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне «Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау» деп аталатын 13-1 тарау енгізілді.

 Аталған тарау талаптарына сәйкес, талап қоюдың бағасы заңды тұлғалар үшін 500 айлық есептік көрсеткіштен, ал кәсіпкерлік пен жеке  тұлғалар үшін 100 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ақша өндіруге қатысты істер, сондай-ақ талап қою бағасына қарамастан талапкер ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға немесе шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген істер де жеңілдетілген тәртіппен қаралуға жатады.

Бұл санатта қаралатын істердің азаматтық істер қараудьң қалыпты тәртібінен өзге бірнеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын Істердің қаралу мерзімі бір ай және істі қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды. Сот талап арызды, іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарып, онда істің жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатынын көрсетеді.

Екіншіден, жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер бойынша алдын ала сот отырысы өткізілмейді, яғни іс жақтардың қатысуынсыз қаралады. Соңдықтан бұл істер бойынша хаттама жүргізілмейді. Үшіншіден, бұл істерді судья жақтармен тапсырылған құжаттар, дәлелдемелер негізінде қарап шешім шығарады.

Жеңілдетілген тәртіппен қаралған азамалық істерге апелляциялық, кассациялық тәртіппен наразылық немесе шағым келтірілуі мүмкін. Алайда шағымды іс-бойынша шешім қабылданған күннен бастап оh бес жұмыс ішінде бере алады. Мұндай істер осы тәртіппен облыстық соттарда қаралғанымен, одан әрі Жоғарғы Сотта сот қадағалау тәртібімен қайта қарауға жатпайды. Заңнамаға енгізілген бұл жаңа бағыт, яғни істі жеңілдетілген тәртіппен қараудың бірнеше тиімді тұстары бар. Алғашқысы, сот тараптарды сотқа шақырып, сот отырысын тағайындап. созбай тараптар арасында туындаған дауды қысқа мерзімде шешеді. Бір жағынан жаңадан енгізілген іс қарау тәртібі тараптардың жауапкершілігін де күшейтіп отыр, яғни талапкерді қойған талабын қуаттауға және жауапкерді талапқа қарсы далелдемелері мен құжаттарын толықтай сотқа дер кезінде яғни сот ұйғарымын алған күннен бастал он бес жұмыс күні ішінде ұсынуға міндеттейді. Егер құжаттар дәлелсіз себеппен ұсынылмаған жағдайда тараптар оларды екінші сатыдағы сотқа ұсыну мүмкіндігінен айырылады.

Сондай-ақ, апелляциялық, кассациялық тәртіпте баж салығы төленуі тиіс.

Істі жеңілдетілген тәртіппен қараудың тиімділігі-тараптар арасынан туыңдаған даудың қысқа мерзімде, азаматтарды сотқа шақырып әуре етпестен шешімін табуында.