Ғ.БЕКПАТША Облыстық соттың судьясы,// «Қоғамдық бақылау» газеті, 12.08.2015ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруга бағытталған Ұлт жоспарының 100 нақты қадамы аясында республикада аса ауқымды да ықпалды шаралар жүзеге асырылуда. Солардың қатарында еліміздің сот жүйесінде қолга алынган соңгы жаңалықтар мен өзекті өзгерістер һәм тың талаптар бар.

Сотта қолға алынған және алдағы кезге жоспарланған барлық шаралар бірінші кезекте сот жүйесінің ашықтығын арттыру арқылы қоғамның сотқа деген сенімін күшейтуге бағытталған. Бұған дейін басқа елдерде өзін-өзі ақтаған заманауи технологиялар алға қойылып отырған міндеттерді жүзеге асыруға жол ашады. Олар жұмысты жүйелендіруге мүмкіндік беріп, барлық процестердің түсінікті болуын қамтамасыз етеді. Құжаттармен жұмыс кезінде оған адамның қатысуын барынша азайтады. Бүгінде еліміздегі сотта электронды сот өндірісін ентізу бойынша аса ауқымды жұмыстар жүзеге асып жатыр.

Мәселен, сот органдарындағы «Төрелік» ақпараттық талдау жүйесіне сенімділіктің аса жоғары санатын қамтамасыз ете отырып, жедел түрде деректермен алмасуды жолға қою міндеті жүктелген. Ең бастысы, дәл осы аталған жүйе іс пен сот өндірісін жеңілдету, статистикалық және талдамалық есептерді қалыптастыру, процессуальдық мерзімдердің сақталуын бақылау мен автоматтандырылған есеп енгізу сынды маңызды міндеттерді шешеді. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің, мемлекеттік салық төлеу, сот актілерін орындау және тағы басқа салалардағы қажетті ақпараттық базаларды интеграциялау да сот жүйесіндегі оң өзгерістердің бірі.

Сот жүйесіндегі интернет-ресурсты жаңғырту бүгінде өз нәтижесін бере бастады. Азаматтар қажетті ақпараттарды ресурстан алудың пайдалылығы мен тиімділігіне көз жеткізді. Соған сай сайтқа ену жэне пайдалану бірнеше есеге өсті. Сот процесіне қатысушыларды электронды пошта және CMC хабарламалар жөнелту арқылы құлақтандыру жүйесі де бұқара тарапынан қолдауға ие болып отыр. Бұрындары мұндай ақпарат арнайы тапсырысты жеделхаттар арқылы жөнелтілетін және оның бағасы тым қымбат болатын. Қазіргі кезде электронды поштаны немесе ұялы байланысты пайдалану барлық тарапқа қолайлылығымен ерекшеленеді.

Мемлекет басшысы ұлт жоспары аясыңда жүктеген 100 қадамның ішіндегі еліміздегі сот жүйесіне қатысты бағыттарды жүзеге асыру дәл бүгінгідей жалғасын табатын болса, сот саласы өзінің ашықтығымен, қолжетімділігімен және әділдігімен қарапайым халыққа барынша жақындап, жұрт сеніміне ие болады. Сондықтан, еліміздің ертеңі үшін аса маңызды реформалардың өмірден өз орньн тауып, елге қызмет етуіне кірісуіне бір кісідей атсалысқанымыз жөн. Бұл орайда Оңтүстік Қазақстан Облыстық сотында да бірқатар шаралар атқарылып жатыр.