Н.АУЕЗОВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы «Конституция және сот билігі» // «Шымкент келбеті» газеті, 14.08.2015ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

1995 жылы бүкіл халықтық референдумда бекітілген жаңа Конституцияның бұрынғы Конституциядан өзгешілігіне тоқталсақ, біріншіден, заң шығарушы, атқарушы, сот билігін белгілеп, олардың құзыретін, жұмыс істеу тетігін, өзара іс-қимыл бірлігін заң турғысынан айқындап берді; екіншіден, өкімет билігінің аталған тармақтарға бөлінуі мемлекеттің лауазымды адамдарының, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді; үшіншіден, бұл Конституцияда құқық пен жауапкершілік ұғымдары пара-пар көрсетілген.

Осы Конституцияда бұрынғы Конституцияларда шешімін таппаған мемлекеттің мәні, жері, тілі, азаматтық, Парламенттің қос палаталы жүйесі, Президенттің құзыры, сот төрелігінің қызметі сияқты күрделі мәселелер заңдылық тұрғысынан өз шешімін тапқан.

Қоғамды демократияландыру барысындағы сот жүйесінің жетістіктеріне тоқталсақ. Президенттің ұсынысында айтылған тұжырымдар заң ретінде толық қабылданды. Біріншіден, конституциялық рефомалар барысында сот жүйесін жетілдіруге аса мән берілді. Елімізде тәуелсіздік алысымен-ақ сот жүйесі халықаралық деңгейде жүйесінің атқарған жұмыстарынан жасай бастады. Оны сот орындарының жұмысын және сот мәселесіне қатысты елімізде және шетелдерде өткен ғылыми конференциялардан байқап жүрміз. Сол конференцияларда Қазақстанның сот жүйесіне жоғары баға берілгенін көреміз.

Әсіресе, бізде мамандандырылған соттардың құрылуы айтарлықтай ілгерілеушілік болып табылады. Айталық, Алматы қаласында британ үлгісіндегі қаржылық сот құрылды. Осы арқылы қолданысына енгізіп, енді ол тәжірибені өзгелермен бөлісуге даяр.| ТМД аумағындағы елдер Қазақстанды өздеріне үлгі тұта бастады. Осы реформалар барысын­да әр облыс орталығында және Астана мен Алматы қалаларында да жеткіншектермен жеке айналысатын ювеналды сот құрылды.| Енді инвестициялық сот құру мәселесі талқылануда. Сонымен бірге қазіргі қабылданған Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстер қабылданып, тергеу судьялары мен процестік келісім жасау мәселелері енгізілді. Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет академиясында сот төрелігі институты мен Жоғарғы Сот кеңесі жұмыс істер отыр. Бұл болашақ судья кадрларын іріктеп алуға айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз. Осы айтыл-ғандардың барлығы айналып келгенде еліміздегі демократиялық процестердің халықаралық дегейге сай жүзеге асырылып жатқандығын керсетеді.