Н.ӘУЕЗОВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы «Конституция және сот төрелігі» // «Ашық ақиқат» газеті, 15.08.2015ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін 16 желтоқсан 1991 жылы жариялады. Тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің алғашқы Конституциясын 28 қаңтар 1993 жылы қабылдаған. Алайда, алғашқы Конституция ескі кеңестік демократия принциптеріне және әміршілдік қоғам ережелеріне негізделгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына сай келмеді. Сол себепті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция қабылдау керектігі жөнінде ұсыныс жасады.

Жаңа  1995 жылғы  Конституцияның жобасын талқылауға елімізден 3 миллионнан аса адам қатысып, өз ұсыныстарын айтып, өзгертулермен толықтулар енгізлі.

Осыдан 20 жыл бұрын 30 тамыз 1995 жылы Конституция бүкілхалықаралық референдумда бекітілді. Рөферендумға сайлаушыардың 90% қатысып, олардың  81%  жаңа Конституции яны жақтап дауыс берді.

Жаңа Конституцияның бұрынғы Конституцияцан өзгешілігіне тоқталсақ, біріншіден, заң шығарушы, атқарушы, сот билігін белгілеп, олардың құзыретін, жұмыс істеу тетігін, өзара іс-қимыл бірлігін заң тұрғысынан айқындап берді: екіншіден, өкімет билігінің аталған тармақтарға бөлінуі мемлекеттің лауазымды адамдарының, азаматтардың конституциялық құқыктары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді; үшіншіден бұл Конституцияда құқық пен жауапкершілік үғымдары пара-пар көрсетілген. Осы Конституцияда бұрынғы Конституцияларда шешімін таппаған мемлекеттің мәні,   жері,   тілі,   азаматтық Парламенттің қос палаталы жүйесі, Президенттің құзыры сот төрелігінің қызметі сияқты күрделі мәселелер заңдылық тұрғысынан өз шешімін тапқан.

 Конституцияда соттар мен сот төреліне ерекше мән берілген. Елімізде сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады Оның ісіне араласушылыққа жол берілмейді сот процесі заңмен ғана белгіленеді Сот|төрелігі іске асыруда  судья тәуелсіз және Конституция мен заңга ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыруда Конституцияда белгіленген демократиялық принциптер негізінде жүзеге асырылады.

1995 жылғы Конституцияны қабылдағаннан кейін, демократиялық реформаларды жүзеге асыру нәтижесіне сәйкес Конституцияға екі рет 1998 жылы және 2007 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілді 1998 жылы енгізілген өзгертулерге байланысты еліміздің сот жүйесінде істерді қарау алқабилер қызметінің катысуымен жүзеге асады деген мәселе енгізілді. Яғни, сот жүйесі бүқіл демократиялық елдердің жүрізетін сот талабына сәйкес

Қоғамды демократияландыру барысындағы сот жетістіктеріне тоқталсақ.

Президенттің ұсынысында айтылған тұжырымдар заң ретіңде толық қабылданды. Біріншіден конституциялық реформалар барысында сот жүйесін жетілдіруге аса мән берілді. Елімізде тәуелсіздік алысымен-ақ сот жүйесі халықаралық деңгейде жүйесінің атқарған жұмыстарынан жасай бастады. Оны сот орындарының жұмысы және сот мәселесіне қатысты елімізде және шетелдерде өткен ғылыми конференциялардан байқап жүрміз. Сол конференцияларда Қазақстанның сот жүйесіне жоғары баға берілгенін көреміз.

Әсіресе бізде мамандандырылған соттардың құрылуы айтарлыктай ілгеріле-ушілік болып табылады. Айталық, Алматы қаласында британ үлгісіндегі қаржылық сот құрылды. Осы арқылы Қазақстан жетілген тәжірибені өз қолданысына енгізіп, енді ол тәжірибені өзгелермен бөлісуге даяр. ТМД  аумағындағы елдер Қазақстанды өздеріне үлгі тұта бастады. Осы реформалар барысында әр облыс орталығында және Астана мен Алматы қалаларында жеткіншектермен жеке айналысатын ювеналды сот құрылды. Енді инвестициялық сот құру мәселесі талқылануда. Сонымен бірге қазіргі қабылданған Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жаңа Кьлмыстық және Қылмыстыстық-процестік кодекстер қабылданып, тергеу судьялары мен процестік көлісім жасау мәселелері енгізілді. Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет академиясында сот төрелігі институты мен Жоғарғы Сот кеңесі жұмыс істеп отыр. Бұл болашақ судья кадрларын іріктеп алуға айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз. Осы айтылғандардың барлығы айналып келгенде еліміздегі демократиялық  процестердің халықаралық деңгейге сай жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді.