С. ИБРАГИМОВА, «Әділет» газетінің тілшісі «ШАРДАРА АУДАНДЫҚ СОТЫНА ШАҒЫМ ЖОҚ» // «Әділет» газеті 14.07.2015ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде Елбасы «Кері қайтарылған және өзгертілген сот шешімдерінің жыл сайынғы көрсеткіші 2009 жылдан бері, орташа алғанда, барлық қабылданған шешімнің сәйкесінше 0,5 және 0,9 пайызы деңгейінде тұрақтана түсті. Бұл да біздің елдегі сот төрелігін жүзеге асырудың әділеттілік деңгейі артқанын көрсетеді. Ұлттық сот жүйесі әлдеқайда жауапты және жедел сипат алды...» деген болатын. Жалпы қаралған істер бойынша азаматтардың бірінші сатыдағы сот шешімдерімен келісуі еліміздегі сот жүйесі тиімділігінің арта түскенін көрсетеді. Ағымдағы жылдың алты айы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық сотында азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша қаралған сот актілерінің бірде бірі өзгермеген.

Аудандық соттың төрағасы Бейсебай Қожанов (cypeтте) осы жылдың 6 айында атқарған жұмысы бойынша берген сұхбатында осыны алға тарта отырып, сөзін былай сабақтады.

- Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық сотқа азаматтық іс бойынша 461 арыз келіп түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімінде 508-ді құраған болатын. Келіп түскен азаматтық істердің 443-і қаралып аяқталған. Оның ішінде 242 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған. 137 іс бойынша сот буйрығы қабылданған. Сонымен қатар бізге 151 әкімшілік құқықбұзушылық ісі келіп түсті. 149 әкімшілік іс қаралып аяқталса, оның 136-на әкімшілік жазалар қолданылған. Оның ішінде 58 әкімшілік іс бойынша әкімшілік айыппұл салынған, 4 қүқық бұзушыға өкімшілік қамау туралы қаулылар шығарылған, 24 құқық бұзушы көлік құралын басқару құқығынан айрылған. 2015 жылдың 6 айында аудандық сотқа 88 қылмыстық іс келіп түскен. Оның 31-не үкім шығарылған. 31 тұлғаға қатысты үкімнің 9-ы шектеу жазасы, 6-қоғамдық жұмыстарға тарту, 4- шартты жаза тағайындау, 4- бас бостандығынан айыру, 7- айыппұл өндіру жазасына сотты болған. Бір азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша ақтау үкімі қабылданған.

Осылайша сандарды сөйлеткен Бейсебай Әжібекұлы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатындағы жұмыстардың да жүйелі жүзеге асып жатқанын айтып етті. Мәселен аудандық сотқа «БААТЖ» бағдарламасының кіріс корреспонденцияларын тіркеу журналына 2015 жылдың 6 айында жалпы саны 3086 хат-хабар тіркелген. Тіркеуге алынған хат-хабарлардың 92,1 пайызы мемлекеттік тілде келіп түскен. Ал шығыс корреспонденциялар журналына тіркелген 3169 хат-хабарлардың барлығы дерлік мемлекеттік тілде жазылып, шығыс құжаттар 100 пайыз қазақ тілінде жүргізілген. Сондай-ақ 160 іс-шара, жоспарлар мен жедел жиналыс хаттамалары сынды ішкі құжаттар мемлекеттік тілде толтырылған.

Өткен жылы сот жүйесіне «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық қызметі енгізілгені белгілі. Өз кезегінде бұл жүйе азаматтардың уақыты мен қаржысын, сот жүйесінің жеделдігін, азаматтардың сот ақпаратына қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде бұл электрондық жүйеге еліміздегі соттардың барлығы көшкен. Олардың қатарында Шардара аудандық соты да бар. Бұл жайында Б. Әжібекұлы:

- «Сот кабинеті» бұл - сот өндірісінің қызметін жеңілдететін жүйе. Ауданда бірыңғай электрондық құжат айналымы және онымен жұмыс істеу тәртібін меңгергендердің саны көңіл тоғайтады. Мысалы, ағымдағы жылдың I-жартыжылдығында аудандық сотқа 203 талап-арыз «Сот кабинеті» арқылы келіп түскен, - дей келе, - бұдан бөлек, аудандық соты өндірісіне қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша іске қатысушы тараптарға 948 CMC хабарламалары жолданған. 2015 жылдың алты айында қаралған 406 іс бойынша сот отырысының барысы дыбыс, бейнежазба құрылғысына жазылған, - деді.

Сонымен қатар Шардара аудандық сотының төрағасы істерге медиатордың қатысуы маңызды екеніне да тоқталып өтті.

- «Ел бірлігі - ел теңдігі» деген. Барлық қазақстандықтардың татулықта өмір сүруі, бірлігін жоғалтпауы - басты мүддеміз. Бұл ретте 2011 жылдан бастап жүзеге асып келе жатқан президент Н. Назарбаевтың Жарлығымен қабылданған «Медиация туралы» заңның тиімділігі өте жоғары екені сөзсіз. Заң аясында медиаторлар дауласушы тараптарды сотқа дейін бітімгершілікке шақырып, ортақ келісімге қол жеткізуге апарады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық сотқа келіп түскен қылмыстық істердің 26,1 пайызы медиатордың қатысуымен қаралып, аяқталған. Шардара ауданында жалпы 10 кәсіпқой емес медиаторлар аудандық әкімшілікпен бекітіліп, олардың тізімдері судьяларға тапсырылған. 2015 жылдың 4 айында сол медиаторлардың қатысуымен 38 азаматтық, 23 қылмыстық, 2 әкімшілік іс қаралды. Тараптардың татуласуына байланысты ол істер қысқартылды. «Медиация туралы» заңды насихаттау жұмыстарын жүргізу барысында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар мен сүхбаттар берілуде.

Бүгінде ондағы Фемида ғимаратына орнатылған сенім жәшігінде аудан тұрғындары атынан келіп түскен хат-хабарламалардың ішінде шағымдар жоқтың қасы. Барлығы да алғыс хаттар.

Осылай деген ол мұны бірнеше жылдан бері аудандағы судьялардың жергілікті тұрғындардың сеніміне селкеу салмай, адал әрі әділ жұмыс істеуінің және олармен тығыз байланыс орнатуының жемісі деп түсіндіреді.

Сөз соңында Шардара аудандық сотының төрағасы Б. Қожанов ҚР Президентінің «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» таныстыру мен орындалу барысы бойынша мемлекеттік, жекеменшік мекемелердің қатысуымен бірнеше лекциялар оқылғанын, дөңгелек үстел өткізілгеніні және мұндай бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.