Ұ. Байжігіт, Кентау қаласы сотының судьясы. «СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫНЫҢ РӨЛІ»// «Қаратау тәжі» газ. 08.08.2015ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Жергілікті соттардың тергеу судьяларының жұмыстарының орындауына арналған осы уақыт нормаларын тергеу судьялары жүзеге асыратын процестік және процестік емес қызмет сияқты негізгі жұмыс түрлерін сондай-ақ сот жүйесі туралы заңнаманың талаптарынан туындайтын өзге де қызметті орындау үшін қажет жұмыс уақыты шығынының тізбесі мен құрылымын қамтиды.

Нормалар соттарда қолдануға арналған және жергілікті соттардың тергеу судьяларының штат санын анықтауға сондай-ақ сот процесін жоспарлау мен ұйымдастыруға, жұмыс уақытын қолдану тиімділігін арттыру үшін ең ұтымды тәсілдерін таңдау үшін қолданылады.

Жекелеген санаттағы судьялардың еңбегін нормалау жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының 2013 жылғы 4 наурыздағы №55 өкімімен бекітілген және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы №04-3-1-16/764 хатымен келісілген «Қазақстан Республикасының жоғарғы соты, жергілікті және басқа да соттар судьялары жүктемесінің нормативінің» жекелеген фрагменттерін қосқанда, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер пайдаланылады.

Осы нормалар жергілікті соттардың қалалық және мамандырылған соттардың тергеу судьяларының негізгі қызметін қамтиды. Уақыт нормалары тергеу судьяларының процестік қызметіне есептелген. Тергеу судьялары орындалатын процестік емес қызметке жұмсалатын уақыт шығынын есептеу үшін 1,25 мөлшерінде түзету коэффициенті белгіленеді.

Нормалар жұмыс түрлері бойынша жұмыс көлемінің өлшем бірлігіне қабылданған сағаттармен белгіленген. Нормаларда дайындық-қорытынды жұмыстарға, жұмыс орнында қызмет көрсетуге, демалыс және қажеттіліктерге оперативтік уақыттан 10 пайыз мөлшерінде уақыт ескерілді.

Тергеу судьясы төменде көрсетілген күзетпен ұстауды, үйқамақты және экстрадициялық қамақты, қамақ мерзімдерін ұзартуды, сондай-ақ мәселелерді қарау кезінде іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Судья шығарған қаулысын Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің базасына енгізеді.

2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында тергеу судьясымен ҚПК-нің 55-бабына сай 21 материал қаралған. Атап айтсақ, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция жайлы 15, мүлікке тыйым салуды санкциялау туралы 2 және күдіктіні күзетпен ұстау мерзімін ұзарту жайлы 3, барлығы да қанағаттандырылған. Сондай-ақ халықаралық іздеу жариялау жа  йлы 1, қанағаттандырудан бас тартылған.