1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   

      13 мамыр 2015 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы Р.Кожатаева Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің  190-бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

       Cотталушы Р.Кожатаева 25 қаңтар 2014 жылы сағат шамамен 19.00-де жәбірленуші А.Абсалиеваның Шымкент қаласы, Спорт мөлтек ауданындағы үйіне барып, құны 75 000 теңге тұратын гауһар тасы бар сырғасын, құны 35 000 теңге тұратын алтын жүзігін сатып беремін деп алып, алаяқтық жолымен алтын бұйымдарды Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесінде орналасқан Самал базарына барып белгісіз азаматқа 70 000 теңгеге сатып, ақшаны өз пайдасына жаратқан.

 

Үкім заңды күшіне енген

 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: