2023 жылдың 07 желтоқсанда Отырар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 3-бөлігімен әкімшілік ісі қаралды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Түркістан облысының Отырар аудандық сотының хабарламасы бойынша:
2023 жылдың 07 желтоқсанда Отырар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 3-бөлігімен әкімшілік ісі қаралды.
Сотта анықталғандай, 2023 жылғы 13 қарашада құқық бұзушы ерекше қорғалатын табиғи аумақта, яғни Отырар орманшылығының №34 орман айналымының №55 орамында, аңшы қаруымен 1 дана қоянды атып, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, аң аулау қағидаларын бұзған.
ӘҚБтК-нің 382-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекет – әкімшілік құқық бұзушылық заттары және құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғатыны көзделген.
Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік құқық бұзушылық құралын тәркілей отырып, 169 050 теңге айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.
Қайнар: 
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі