Адвокаттық тегін қызмет көрсету бойынша дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бәйдібек аудандық сотында «Адвокаттық тегін қызмет көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Е.Қарақұлов, судья С.Байтенов,  прокурор А.Тлеужанкызы, аудандық әділет басқармасының өкілі А.Тәңірбергенова, адвокаттар және жергілікті БАҚ-тың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында аудандық әділет басқармасының өкілі А.Тәңірбергенова баяндама жасап, адвокаттар қандай жағдайларда тегін заң көмегін көрсететініне, адвокат көрсететін тегін заң көмегіне мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу тәртібіне тоқталды.

Қатысушылар аталған тақырыптың тиімділігі мен өзектілігі, оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығы жөнінде өзара пікір алмасты.

Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесі бойынша төраға іс-шараға қатысушыларға адвокаттық тегін қызмет көрсетуді жандандыру қажеттігін, сонымен бірге халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді және БАҚ-на жариялауды ұсынды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі