Алқа мүшелігінен шығу жауапкершіліктен босатпайды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық соты талапкер Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының жауапкер Е.М.-дан ай сайынғы төленетін жарна төлемдері және мүшелік жарна бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісін қаралды.

Жауапкер Е.М. адвокаттар алқасына мүшелікке абылдана отырып, бірінші мүшелік жарнаны және ай сайынғы төленетін жарна төлемдерін ұдайы төлемегендіктен алқа мүшелігінен шығарылған.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылған.

Сот шешімі заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі