Арыс аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотында аудандық прокуратураның, ішкі істер бөлімі басшылары және тергеушілердің, қорғаушылардың,  сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысыуымен «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында тергеу судьясымен істерді сотта қаралу ерекшеліктері туралы көптеген сұрақтар талқыланды.

Судья А.Қосмұратов 2017 жылдың 6 айында тергеу судьясымен қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтерді баяндап, тергеу істерінің сотқа жолдау барысындағы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тарапынан жіберген кемшіліктері туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша қатысушылар бірлесе отырып тергеу істері бойынша көрсетілген кемшіліктерді болдырмау мақсатында тергеуші сотқа дейінгі тергеп тексеру ісін толыққанды зерттеп, заңнаманың талаптарын қатаң сақтау туралы келісімге келді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі