Азаматтың денсаулығына қасақана зиян келтірілген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түркістан қалалық сотында жеке айыптаушы Б.Т.-ның шағымы бойынша ҚР ҚК 108-бабымен айыпталған Б.Д., Б.Б. және Т.Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, жеке айыптаушы Б.Т. сотқа жекеше айыптау шағымын түсіріп, жұбайының ағалары жеке айыпталушылар Б.Д., Б.Б. және Т.Н. үшеуі жабылып ұрып-соғып, қасақана жеңіл дене жарақатын салғандарын көрсетіп, оларды ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.

Сот қаулысымен жеке айыпталушылар Б.Д.-ны, Б.Б.-ны, Т.Н.-ны Қазақстан Республикасының 13.12.2016 жылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Заңының 2-бабының талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі