Есірткі затты пайдаланғаны үшін қамау жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы қаңтар айының 13 жұлдызы күні Мақтарал АІІБ-на қарасты 1-ПБ-і қызметкерлерімен жүргізілген шұғыл іс-шаралар барысында Жетісай қаласының тұрғыны Ж.У.-дің Асықата - Жетісай тас жолының бойында тұрған, маркасы «Ауди-100» автокөлігінің ішінде салмағы 12,4504 гр. «кептірілген марихуана» есірткі затын сақтағандығы  анықталған.

Құқық бұзушы Ж.У.-дың үстінен жинақталған материалдар оның қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ есiрткi заттарын сақтағаны үшін, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабының 1-бөлігімен қарау үшін сотқа жолданған.

Сот отырысында құқық бұзушы өзіне тағылған кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шын жүректен өкінетіндігін айта келе, соттан қатаң жазаламауды сұрады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы У.Ж. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 320-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған осы баппен 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

                                                         Мақтарал ауданының №3 аудандық сотының баспасөз қызметі