Қарыз ақша өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Келес аудандық сотында талап қоюшы О.М. сотқа келтірген талап қоюында, жауапкер А.И-ден қарыз ақшаны өндіруді сұраған.
Тараптардан дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту бойынша жазбаша арыздары түскен.
Тараптардың арасындағы татуласу келісіміне сәйкес, жауапкер А.И. талап қоюшы О.М.-ға 1 500 000 теңге қарыз соммасын, 100 000 теңге өкілдің ақысын және баж салығына төлеген 20 000 теңгені, барлығы 1 620 000 теңге ақшаны 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін қайтаратын болып міндеттенген.
Өз кезегінде талап қоюшы жауапкер алған міндеттемемен келісіп, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді және азаматтық істі тоқтатуды сұраған.
Істің татуласу келісіммен аяқталу артықшылығы, тараптар бір-біріне деген сыйластықта қалып, әрі уақыттарын үнемдеп, сотқа жүгінген кездегі мемлекетке төленген баж салығы өзіне қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енбеген.
Қайнар: 
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі