«Қазақстан Конституциясына 20 жыл: бастауы, теориясы және қазіргі заманғы тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облысының соттарының ұйымдастыруымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл: бастауы, теориясы және қазіргі заманғы тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы Нұржан Қайыпжан, Қырғызстан және Өзбекстан сот жүйесінің өкілдері, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының судьялары, ардагер судьялар, сот қызметкерлері, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, жергілікті құқық қорғау органдарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы 200-ден астам адам.

М.Ф.Үркімбаев атындағы Жастар сарайының үлкен залында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының назарында Конституция мен мемлекет басшысының бес институттық реформасы бойынша сот жүйесіндегі заңның үстемдігін қамтамасыз ету туралы сұрақтар басты назарда болды.

Жиында Жоғарғы Соттың судьясы Нұржан Қайыпжан Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәмидің қатысушыларға арналған құттықтау сөзін оқып берді. Қ.Мами өз сөзінде: Қазақстан халқымен 20 жыл бұрын жалпы халықтық референдумда қабылданған Ата Заңы, тәуелсіз Қазақстанның гүлденуінің басты себебі екенін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы – заңмен бекітілген жалпы ұлттық ой. Онда біздің ата-бабамыздың  өз тағдыры мен бостандығын басқару мүмкіншілігі туралы көрсетілген. Қоғамның даму бағыты мен мақсатының сілтемесі болып табылады. Мемлекеттің Ата Заңын қабылдаған уақыттан бастап тәуелсіз сот пен басқа құқықтық институттарды құру жұмысы басталды. Конституция адамдардың құқығы мен бостандықтарының сотпен қорғауының жалпы бағытын анықтайды. Сондықтан ол мемлекеттегі заңдылықты айқындайтын басты бағдаршамы» - деп айтылған хабарламада.

Конференцияда Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н. Шәріпов, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р. Алшынбаев, Қырғызстан Республикасы Бишкек қаласының Октябрь аудандық сотының судьясы, заң ғылымының кандидаты, Ж.Баласагын атындағы КМУ жанындағы заң институтының криминалистика және қылмыстық процесс кафедрасының м.а. К. Абакиров, Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Зерттеу орталығының бас кеңесшісі Т. Абдулгазиев, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ заң факультетінің деканы, заң ғылымының кандидаты, доцент К. Нурманбетов, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының президиумы төрайымы А. Раисова және т.б. өз баяндамаларын оқыды.

Жиынның қорытындысы бойынша баяндамалардан құралған жинақ әзірленеді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі